Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

Маңғыстауда кәсіпкерлер саны 3,6 %-ға артқан

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстаудағы кәсіпкерлік саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1853-ке көбейіп, 52949 жетті (өсім – 3,6%). Бұл жөнінде аймақ тұрғындарына есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлады Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстауда кәсіпкерлер саны 3,6 %-ға артқан

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 119,1 мың адамды құрайды, 864,5 млрд теңгенің өнімі шығарылған.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,4 млрд.теңгеге 235 жоба іске асып, 698 жаңа жұмыс орны құрылды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 39,9%-ға көп (2018 ж. – 3,3 млрд теңге сомасына168 жоба және 303 жаңа жұмыс орны құрылды), оның ішінде:

- субсидиялау бойынша – 4,3 млрд теңге сомасына 121 жоба және 672 жаңа жұмыс орны құрылды;

- кепілдендіру бойынша – 1 049,5 млн теңге сомасына 105 жоба;

- гранттық қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 21,0 млн теңгеге 9 жоба қолдау алды және 26 жаңа жұмыс орны құрылды.

2019 жылы микрокредиттік ұйымдар арқылы 2,8 млрд теңге сомасына 495 микрокредит берілді және 669 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,2 млрд теңге сомасына 411 микрокредит берілді және 568 жаңа жұмыс орны құрылды, 2018 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға көп (2018 ж. – 1,8 млрд.теңге сомасына 365 микрокредит және 468 жаңа жұмыс орны құрылды), оның ішінде:

Қалаларда 834,3 млн теңге сомасына 94 микрокредит беріліп, 167 жаңа жұмыс орны құрылды;

Ауылдарда 1,4 млрд теңге сомасына 317 микрокредит беріліп, 401 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 2 338 тұрғын техникалық және кәсіптік мамандықтарға оқытылды. Ал, «Бастау бизнеспен» 2705 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. 694 тұрғын мемлекеттік грантқа ие болды. Жастар тәжірибесіне – 1873 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 836 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 4237 адам жіберілді.