Экономика • 12 Ақпан, 2020

«Жетібай-Жаңаөзен» автожолы жаңғыртылды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар бірнеше автожол қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Серікбай Трұмов өңір халқымен есептік кездесуінде мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында нәтижелі жүзеге асқан бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды атап өтті, деп хабарлады Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

«Жетібай-Жаңаөзен» автожолы жаңғыртылды

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда жалпы ұзындығы 158 шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын қайта жаңарту жұмыстары өз мерзіміне сәйкес аяқталып келеді. Атап айтсақ, 85 шақырымдық «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» трассасы мен «Жетібай-Жаңаөзен» бағытындағы 73 шақырым жол жаңаша келбетке енді. Жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады.

-Бұдан басқа, ұзындығы 126 шақырымнан астам «Жыңғылды - Шайыр - Шерқала жері» бағытындағы асфальт жолдың және екінші кезеңді қалпына келтіру жұмыстары басталған «Атажолы» автомобиль жолын қайта жаңарту қарқынды жүргізілуде, деді аймақ басшысы.

Айта кетсек, Маңғыстау облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 мың 977 шақырымды құрайды. Оның 1049 шақырымы республикалық маңызда, 1028,7 шақырымы облыстық, қалып тұрған 900 шақырымдай жолдың аудандық маңызы бар.

Есепті кезеңде автокөліктің барлық түріндегі жүк айналымы былтырғы жылы 8,5 млрд тоннаны құрады. Бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларынан 100 пайыз жоғары көрсеткіш.

Жолаушылар айналымының көлемі 4,7 млрд км құрап, 0,8 процентке артып отыр.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35