Экономика • 12 Ақпан, 2020

Маңғыстауда елді мекендерді сумен жабдықтау 69%-75,86 %-ға артты

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында «Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен  4,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 1,4 млрд теңге  бөлінді.

Маңғыстауда елді мекендерді сумен жабдықтау 69%-75,86 %-ға артты

Шалғайда орналасқан Бейнеу ауданының Есет, Төлеп, Сарға, Бейнеу ауылдарын сумен жабдықтау құрылысын және Қарақия аудандағы Сенек, Құланды ауылдарында су сорғы станциясын, Түпқараған ауданы Таушық ауылын, Өмірзақ ауылы Приморский тұрғын массивін, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылын сумен жабдықтау желілерін салу толық аяқталды. Бұл туралы халық алдында қорытынды есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сумен қамтамасыз  ету  көрсеткіші 69%-75,86 %  артты. Тұтастай   алғанда 2019 жылы 327,7 км сумен жабдықтау желілері мен 52,68 км су бұру желілері салынды. Электрмен жабдықтау тораптарының жалпы ұзындығы 11 349,2 км құрайды. Жоспарланған 943,3 км желілеріне жөндеу жұмысы 100% нақты орындалды. Облыс бойынша  жылумен жабдықтаудың жалпы ұзындығы 772,9 км құрайды. Жоспарланған 12 км  жылу тораптарын жөндеу  100 % орындалды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау тораптарын жаңғыртудың үлесі – 1,5%, электрмен жабдықтау – 8,3% және газбен жабдықтау – 2,5% құрады.