Туризм • 12 Ақпан, 2020

Маңғыстау туристендіру картасының ТОП-10 тізіміне енгізілді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға мүмкіндігі жоғары аймақ ретінде танылып, Қазақстан Республикасының туристендіру картасының үздік ондығына енді. Бұл жөнінде өңір басшысы Серікбай Трұмов облыс тұрғындары алдында берген есебінде айтты.

Маңғыстау туристендіру картасының ТОП-10 тізіміне енгізілді

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасына Каспий теңізінің жағалауында теңіз курортының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар енгізілді. 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау мен Құрық порты аралығындағы теңіз жағалауыныңинфрақұрылымын дамыту, оның ішінде электр қуатымен, сумен, газбен қамту және Ақтау қаласынан «Алау» балаларды сауықтыру лагеріне дейінгі 4 жолақты қозғалыстағы, одан әрі Құрық паромдық кешеніне дейінгі 2 жолақты қозғалыстағы автожолдың құрылысын салу және қайта құрылымдау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

«Нұр-Капитал» мемлекеттік бағдарламасының 30 млн теңге көлеміндегі қолдауы және кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен 2019 жылдың көктемінде Шетпе селосында «Сәтті» кемпинг кешені ашылды. Инвестиция көлемі – 160 млн. теңгені құрап, барлығы 41 жұмыс орны ашылды.

Былтыр Маңғыстау өңіріне келген саяхаттаушылардың саны 200 мыңнан асты. Аймақта туристерге қызмет көрсететін 90 қонақүй бар. Өткен 2018 жылдың 9 айымен (3,9 млрд теңге) салыстырғанда, былтыр көрсетілген қызмет көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, 104,3%-ға өсті.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35