Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

Маңғыстауда жыл басынан бері 30 жекеменшік балабақша ашылды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылы білім жүйесін қаржыландыру 78,1 млрд білім беру нысандарын дамыту 3,9 млрд теңгені құрады. Бұл жөнінде аймақ тұрғындарына есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлады Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстауда жыл басынан бері 30 жекеменшік балабақша ашылды

Облыс мектептерінде үш ауысымда оқыту проблемасын жою мақсатында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен және Басқұдық ауылындағы екі мектеп  жанынан қосымша 640 орындық ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Ендігі кезекте Ақтау қаласында 900, Мұнайлы ауданында 960, Түпқараған ауданында 600 орынды қамтитын барлығы 2460 орындықты 3 мектептің құрылысы басталды.

Қазіргі уақытта облыста 305 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Мұнда 36,9 мың бала қамтылған. Жыл басынан бері 2258 орындық 30 жекеменшік балабақша  ашылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100% құрады. Барлық мектептер 100% кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген.