Қоғам • 12 Ақпан, 2020

Маңғыстауда тану функциясы бар 600 камера орнатылады

297 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аймақ тұрғындары алдында есеп беру кезінде мәлім етті. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстауда тану функциясы бар 600 камера орнатылады

2019 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асыру келесі бағыттарда жүргізілген:

Білім беруді цифрландыру саласында «mektep.edu.kz» ақпараттық жүйесіне (электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі) облыстағы 143 мектеп қосылса (100%), Маңғыстау облысының «электрондық колледжі» ақпараттық жүйесіне облыстың 27 колледжі қосылған (100%).

-Бүгінгі күні Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету 100% құрайды, интернеттің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілген, деді аймақ басшысы.

Ал, денсаулық саласында 80 денсаулық сақтау нысаны 100%-ға интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілсе, 36 медициналық ұйым (оның ішінде 7 жеке мекеме) медициналық ақпараттық жүйемен 100% қамтылған. 26 мемлекеттік медициналық ұйымның 26-ы (100%) ішінара қағазсыз құжат айналымына көшіпті. «DamuMed» мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны-158494 адамға жеткен.

Ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қалалық маршруттардың барлық автобустары мен шағын автобустары спутниктік GPS-навигаторлармен жабдықталған, «InfoBus.kz» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді. Ақтау қаласындағы барлық қалалық және қала маңындағы автобустар қолданысқа берілген «BusReport» диспетчерлік жүйесіне  қосылған.

-Жол жүруді төлеудің электрондық жүйесі» жобасын іске асыру «Маңғыстау облысының автобус паркін жаңарту» салалық жобасымен бірге жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта пилоттық режимде қалалық маршруттардың 4 автобусына валидаторлар орнатылды, деді С.Трұмов.

Тұрғын үй-коммуналдық саланы цифрландыру аясында бүгінгі күні Ақтау қаласының 646 үйінде деректерді беру мүмкіндігі бар 734 жылу есептегіш орнатылған. Қаланы толық қамту үшін 2019 жылы кәсіпорындар қаражаты есебінен 57,7 млн теңгеге 107 бірлік жалпы үйлік жылу есептегіштер сатып алынған. 2020-2021 жылдары қалған 198 жылу есептегіштері орнатылады деп күтілуде.

Қауіпсіздік саласында «Ақтау қаласы бойынша бейнебақылау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы жүзеге асырылуда. Жобаға сәйкес, жедел қызығушылық танытатын фотоесептер бойынша адамдарды және автокөлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін тану функциясы бар 600 камераны орнату жоспарлануда.

-Камералар қоғамдық орындарда, ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, облыс орталығының әуежайында және Маңғышлақ стансасының теміржол вокзалында орнатылады. Бейнебақылау камераларынан бейнелер жедел басқару орталығы операторларының пультіне және учаскелік полиция пункттеріне шығарылады», - деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Ақтаудағы жаңа жағалау мен 15 шағынауданда пилоттық жоба ретінде бейнені жоғары сапада көрсететін (Full HD) бақылау камералары мен жедел түрде адамдарды сурет арқылы танитын, ал автокөліктерді мемлекеттік нөмірлері бойынша тану функциясы бар 10 жоғары жылдамдықты бейнекамералар орналастырылған.