Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

Маңғыстауда сапасыз өнімдер анықталды

423 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау  департаменті 2020 жылдың қаңтар айында облыс аумағындағы 22 сауда  объектілерінен өнімнің  266 (тағам және өндірістік тауарлар) түрін іріктеп алып зертханалық сараптамадан өткізілді, оның  17 сынамасы немесе 6,4% техникалық регламенттердің белгіленген  талаптарына сәйкес емес.

Маңғыстауда сапасыз өнімдер анықталды

Барлық сараптамадан өткен өнімдердің таңбалануы бойынша 65% (11 сынама), микробиологиялық көрсеткіштері бойынша – 2 сынама, ол 12%, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша (жарамдылығы, сақтау мерзімі өткен)-2/12%, физико-химиялық көрсеткіштері бойынша өнімнің 1 түрінде сәйкессіздік анықталды.

Мониторинг барысында іріктеп алынған 184 түрлі тамақ өнімдерінің 17 түрі (9,2%)  зертханалық сараптама қорытындылары бойынша талапқа сай емес.

Барлық талапқа сай емес тағам өнімдерінің ішінде:

Ет және ет өнімдерінің 20 сынамасының 4-нен (20%) сәйкессіздік анықталды, оның ішінде 3 сиыр еті деп сатылған -Пісірілген шұжық өнімдері «С говядиной» сосискалары, өндірушісі: РФ, Саратов обл «МК» АГРОТЕК» ЖШҚ, Ет-өсімдікті консервілер «Тушенка кусковая говожья», өндірушісі- РФ, Мәскеу қ., Троицк қаласы «Орелпродукт» АҚ және Бұқтырылған стерильденген сиыр еті жоғары СОРТ, өндірушісі: Ресей, Мәскеу қаласындағы «Қорған ет комбинаты» ЖШҚ СТАНДАРТ өнімдерінен зертханалық сараптама қорытындысында шошқа ДНК-ы табылды. Сондай-ақ Құс және құс еті өнімдерінің 9 түрінен 3-і таңбалануы бойынша талапқа сай емес, Сүт және сүт өнімдерінің қаңтар айында 24 түрлі сынамасына сараптама жүргізілді, оның 4 (17%) талапқа сай емес.

Ақтау қаласында орналасқан «Millina Food Production Company Ltd» ЖШС  сүт зауытының 2 өнімінен (тәтті сүзбе мейіз қосылған) ішек таяқшалар тобының бактериясы (БГКП)  табылды. Аталған зауытқа жоспардан тыс тексеру жүргізіліп сапасыз 240кг өнім сауда айналымынан алынып тасталды және жауапты тұлғаға 304865теңге көлемінде айыппұл салынды. Жаңаөзен қаласында жүргізілген мониторинг барысында ЖК Д. Елтезерованың  «Аян» және «Дарья» дүкендерінен сақтау мерзімдері өткен жартылай ысталған «Варшавская» шұжығы мен майлылығы  6% сүт (Петропавловское питьевое молоко) анықталды.

Сонымен қоса мониторинг барысында іріктеп алынған тамақ емес (өндірістік) өнімдердің ішінде  балалар ойыншықтары, киімдер, аяқ киімдер, тұрмыстық химиялық тауарлар, гигиеналық бұйымдар, терезе жуатын сұйықтықтар, парфюмерия мен косметика, тамақпен жанасатын материалдар қамтылған. 2020 жылдың қаңтар айында құрамындағы қауіпті заттарды анықтау мақсатында 82 түрлі өндірістік тауарлар іріктеп алынды, оның ішінде балалар ойыншықтарының  13 түрлі сынамасы сараптамадан өтті, олардың ішінде талапқа сай емес ойыншықтар анықталған жоқ.

Зертханалық сараптамадан өткен 3 түрлі асқаналық құралдардың (асханалық құралдар жиынтығы, шанышқылар мен қасықтар) коррозияға тұрақсыз, тез даттанатындығы анықталды, олардың барлығы Қытайда өндірілген. Өнім қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер бойынша 3 санитарлық ұйғарымдар берілді және кемшіліктерді жою жолдары көрсетілді.

Жоспардан тыс тексерулер бойынша 1 әкімшілік іс қозғалып, кәсіпкерлік субъектілеріне 304865 тг айыппұл салынды.

2020 жылдың бір айында талапқа сай емес 240 кг сүт өнімі сауда айналымынан алынып тасталды және жойылды.