Парламент • 17 Ақпан, 2020

Серік Жақсыбеков бизнес өкілдеріне: Мәселені бірге шешейік

32 реткөрсетілді

Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Атырауда көшпелі отырыс өткізді. Оған облыс басшылығы мен кәсіпкерлік сектор өкілдері қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сенат депутаттары сапар барысында жүн өнімдерін шығаратын «Caspiy Lana Atyrau» фабрикасының жұмысымен танысты. Өндіріс орнында аяқ киім, арнайы киімдер, мектеп формасы мен қой және түйе жүнінен көрпе жасалады. Өнеркәсіп директоры Назгүл Есмаханованың айтуынша, қазіргі уақытта өнімді шығару мен шикізатты жеткізудегі қиындықтарға байланысты фабрика 30% пайыз қуаттында ғана жұмыс істеуге тура келуде.  

Сенат депутаты Серік Жақсыбеков ең алдымен маркетинг және өнімді сату стратегиясы бойынша жұмыс істеу керектігін атап өтті. Сонымен қатар кәсіпорын өз әлеуетін толық пайдалану үшін үшін құрылтайшылар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, басқару саясатын өзгерту қажетігі айтылды.

Сенаторлар Атырау облыстық жеңіл өнеркәсіп тауар өнімдерінің жәрмеңкесіне де қатысты.

Жиынға қатысушылар мемлекет тарапынан жүн өндірісіне субсидия берілмейтінін, жүн шикізаты нарығы мен дайын жүн өнімдерін өткізу орындарының жоқтығын кәсіпорындар жұмысындағы басты проблемалардың бірі ретінде атап өтті.

Серік Жақсыбеков отырысты қорытындылай келіп, бизнес өкілдеріне тек мемлекеттік тапсырысқа ғана сенім отырмау қажеттігін айтып өтті. «Мемлекеттік және қорғаныстық тапсырысқа қатысты мәселелер жеткілікті. Егер мемлекеттік тапсырысқа ғана сенім артып отырсақ бизнес жүрмейді. Бір бизнесмен өзінің 15 керемет жобасы бар екенін айтып, бірақ оны жүзеге асыратын қаржының жоқ екенін айтты. Оған инвесторды мемлекет тауып беру керек. Бұдан іс өнеді ме? Иә, жалпы қолдау көрсетудің түрі бар, бірақ бұл сіз үшін біреу жұмыс істейді деген сөз емес. Өнеркәсіп өз ішінде қайта бағамдау қажет. Жалпы, заңнамалық құжаттарға бірқатар өзгерістер енгізетін уақыт келді. Осыған қатысты өңірлерге шығып, ой-пікірлерді саралап келеміз. Бірге жұмыс істеп, мәселені бірге шешейік. Бізге диалог керек», - деді С. Жақсыбеков.

Соңғы жаңалықтар

Бензин бағасы арзандады

Экономика • Кеше

14 отбасыға қол ұшын созды

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар