Жергілікті қамту бағытындағы өңірлер рейтингісіне жүргізілген талдауға сәйкес Алматы облысы (59,6 %), Алматы қаласы (47,7 %), Солтүстік Қазақстан облысы (47,6 %) және Нұр-Сұлтан қаласы (43,3%) алда келеді.
Қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасы жаңа өндірістердің өсуін ынталандыруға, білім мен технологиялар трансфертін жандандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Бағдарламаны іске асыру инфрақұрылымдық өзгерістерге, жұмыспен қамту деңгейін және отандық мамандар құзыретін арттыруға мүмкіндік береді. Жергілікті қамту үлесін арттыру және отандық өндірушілерді дамыту мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылдымдық даму министрлігі бірқатар шара қабылдады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде отандық өндірістің автомобильдерін, трансформаторлары мен кабель желілерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде 2 жыл мерзімге ұлттық режімнен алып тастау белгіленген. Жергілікті атқарушы органдар үшін жеңіл, жиһаз өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторлар белгіленді. Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі тауарлары 2019 жылғы 1 шілдесінен бастап мемлекеттік сатып алулар алдын ала біліктілік сұрыптаумен конкурс тәсілімен өткізілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізбесіне енгізілген. Бұл ретте әлеуетті өнім берушілер үшін Индустриялық сертификатын ұсыну талабы міндетті.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп 2019 жылғы сатып алу талдауының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіптегі жергілікті қамту үлесі-47%, жиһазда - 56%, құрылыс материалдары өндірісінде - 50% құрады.
Сонымен қатар, шартты шығаруға жол берілмейтін өнім тізбесі кеңейтілді. Оған машина жасау, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары енгізілген.
Көлік құралын (жеңіл автомобиль) сатып алу үшін Үлгілік конкурстық және аукциондық құжаттама бекітілді.
Сонымен қатар, ішкі нарықты қорғау, отандық тауар өндірушілерді қолдау және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз саласы мен цемент өнімдері саласында өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында жеңіл, жиһаз өнеркәсібі мен құрылыс материалдарының жекелеген тауарларын 2 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл шара мемлекеттік сатып алуға қатысуға импорттық өндірістің бірқатар өнімін (шұлық, киіз аяқ киім, кеңселік жиһаз және цементтер) жіберуді шектеуге мүмкіндік береді.
Жергілікті қамту бойынша мониторинг шеңберінде мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен холдингтер, жер қойнауын пайдаланушылар сияқты барлық мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі 2019 жылдың 9 айында 13 559,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жергілікті қамту үлесі - 7 117,7 млрд теңге немесе 52,5% тең. Өткен жылдың титісті кезеңімен салыстырғанда жалпы көлемі 1 283,8 млрд теңгеге, ал жергілікті қамту үлесі 3,2% өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Оқиға • Бүгін, 12:25
Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Шахмат • Бүгін, 11:28
Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды
Спорт • Бүгін, 11:14
Қазақстанда педагогтер саны 8 мыңға артқан
Ұстаз • Бүгін, 11:03
Тоғыз қазақ боксшысы «алтын» үшін таласады
Бокс • Бүгін, 10:45