Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Шахмат Федерациясы, Маңғыстау облыстық Шахмат Федерациясы ұйымдастырған жарыс 2020 жылдың ақпан айының 16-26 аралығында өтеді.
Төрешілер құрамы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан шахмат Федерациясы мен Маңғыстау шахмат Федерациясы шешімімен тағайындалды.
Ерлер чемпионатына 91, Әйелдер чемпионатына 36 сайыскер қатысуда.
Олардың арасында жиырмадан астамы Халықаралық ФИДЕ Шебері атағының иегерлері. Сондай-ақ, Чемпионатта жас ерекшілігі шектелмеген және алдыңғы орындарды иеленген үш жүлдегер ел чемпионатының Финалына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, Чемпионаттың жартылай финалы Ақтауда екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Биылғы өткзілгелі отырған жартылай финал Қазақстанда өткізіліп келген жартылай финалдардың тарихында ең мықты қатысушылар құрамымен ерекшеленіп отыр.