Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Жедел жәрдем операторы телефонмен жүкті әйелді босандырды

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 ақпан 2020 жылы сағат таңғы 05:48 уақытында Маңғыстау облысы жедел жәрдем стансасына Бейнеу ауданының тұрғыны хабарласып, жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел жәрдем операторы телефонмен жүкті әйелді босандырды

Шақыртуға себеп - «Физиологиялық туу» туралы хабарлама. Аталмыш шақыртуды сол түні кезекшілікте болған жедел жәрдем стансасының диспетчері Жарқынай Кемалова қабылдады. Жолда бара жатқан жедел жәрдем бригадасын күтпей-ақ жүкті әйелдің туысқандарына «телефон» принципі бойынша кеңес берілген.

Бұдан әрі диспетчер жүкті әйелдің туысына кіндікті қалай дұрыс кесу керектігі туралы айтқан. Себебі кіндік қаншалықты дұрыс кесілсе, соншалықты баланың өмірге келуі тікелей байланысты екендігі ескертілген.

Нәтижесінде 1977 жылы туған әйел салмағы 3 келі 222 грамм және бойы 52 см қыз баланы дүниеге әкелді. Белгілі болғандай әйелді босандырып алған өмірге келген сәбидің өз әжесі болды.

Кіндігі кесіліп баласы анасының қолына тапсырылған бойда жедел жәрдем бригадасы жетіп, ана мен кішкентай сәбиді шұғыл түрде Бейнеу аудандық орталықтандырылған ауруханасына жеткізілген.

Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты. Әр кетсе бір апта жатқан соң, үйіне жіберіледі. Дәрігерлер тиісті көмекті көрсетуде.

 

Маңғыстау облысы