Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Ақтауда «Көктем-2020» арнайы техникалық жаттығу өтті

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың алдағы су басу мезгіліне дайындық мақсатында Ақтау қаласы аумағында елді мекендердің қауіпсіздігін алдын алуда «Аула аумағы ішінде жаңбыр суының басып кетуінен болған төтенше жағдайларды жою» тақырыбында арнайы тактикалық жаттығу өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда «Көктем-2020» арнайы техникалық жаттығу өтті

Жаттығу жоспары бойынша 31Б  шағын ауданындағы 14 үйдің аумағында аулада су басқандығы туралы өтініш түсті.

Содан кейін бригада ТЖ жою үшін су басу орнына кетті. «Қала жолдары» ЖШС басшылары төтенше жағдайлар туралы Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Искаковқа аула аумағының су басу жағдайы бойынша хабарлайды.

Су басу орнына 8 техникасы бар шұғыл және 35 адамнан құралған бригада жіберілді.

ТЖ

Шұғыл топ 7 мотопомпамен және 3 ассенизатормен суды сорумен айналысты. Аула су басу жағдайын ушықтырмау үшін инертті материалдармен қоршады, сонымен қатар қоршаудың тиімділігін арттыру мақсатында құм төселді. Су басу орнына жедел жәрдем, АМО, және жергілікті полиция қызметі жұмылдырылды.

 

Маңғыстау облысы