Аталмыш жарыс «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогы үшін және наурыз айының басында Щучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығында өтетін Қарулы Күштердің чемпионатына іріктеу аясында өткізілді.
50-ден астам әскери шаңғышылар он шақырымда, ал 5 әйел әскери қызметші бес шақырымдық ара қашықтықта сынға түсті. Жарыс жолына қызметшілер әскери киім үлгісінде шықты.
Шаңғы жаттығуы - әскери қызметкерлердің даярлығындағы міндетті элементтердің бірі. Шаңғы тебу – қысқы уақыттағы көліктің ең сенімді құралы, сонымен қатар шаңғымен қозғалу барысында тапсырманы орындау жылдамдығы бірнеше есе артады. Шаңғы жаттығуларындағы сабақтар моторлы және әскери-қолданбалы дағдыларды қалыптастыруға және жетілдіруге, төзімділікті дамытуға, дене күшінің жоғарылауы аясында күшті арттыруға бағытталған, - дейді «Батыс» қолбасшылығының дене шынықтыру бөлімінің бастығы майор Медет Құлыбеков. Оның айтуынша, тіпті Атырау мен Ақтау гарнизондары сияқты шаңғы тебу үшін қолайсыз аймақта шаңғышылар мен әскери қызметшілердің саны жыл сайын артып келеді.
Қиын күресте шаңғышылар арасында бірінші орынды Ақтаулық лейтенант Шолпан Қожақұлова иеленді, ал сержант Айнагүл Құсмағанбетова мен ақтөбелік Балназия Самекова оған аз ғана ұтылып қалды.
Ерлер арасында бірінші он шақырымдық қашықтықта Бейнеуден келген әскери қызметші Елжан Камбалов, екінші орынды Ақтөбелік сержант Талғат Кенжегарин, үшінші орынды аға лейтенант Николай Семеренко алды.
Командалық есепте Атырау құрамасы үшінші сатыға, Ақтау шаңғышылары екінші сатыға көтерілді, ал Ақтөбе шаңғышылары бірінші орынға ие болып, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командалық кубогын жеңіп алды.
Маңғыстау облысы