Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Ақтауда су басу мезгіліне байланысты арнайы жаттығу өтті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылға алдағы су басу мезгіліне елді мекендердің және Ақтау қаласы аумағында қауіпсіздікті сақтауға дайындалу мақсатында Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен «Автожолдардағы су жүргізу жүйелеріндегі жарылу болған жағдайда ТЖ жою» тақырыбында тактикалық арнайы жаттығу ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда су басу мезгіліне байланысты арнайы жаттығу өтті

Жаттығу жоспары бойынша ауысым бастығына жылыту жүйесіндегі ақау бойынша ақпарат келіп түсті. Нәтижесінде кейбір ұйымдар жылусыз калғаны анықталды. Ауысым бастығы «КЖСА» МКӨ басшысымен келісіп және қажетті құжаттарды толтырып, жедел топпен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жылуды айырды. «КЖСА» МКӨ басшысы, төтенше жағдай туындауына байланысты ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмаз Искаковқа жылу жүйесіндегі авария туралы болған жағдайды хабарлады.

Оқиға орнына құрамында 6 дана техникасы және 13 адамы бар жедел жөндеу бригадасы жіберілді.

Жедел топ жылуды айырып, сонымен қатар ішкі жүйенің қатып қалмауын болдырмау үшін тұрбаның ішін қалған судан арнайы құрылғылармен тазалады.

Содан кейін коммуникацияларды көрсету үшін АУЭС, Ақтаугаз, Қазақтелеком өкілдері шақырылды. 

 Коммуникацияларды көрсеткеннен кейін жерді қазу жұмыстары жүргізілді, сонымен бірге жылу құдығы ашылды және жылыту тұрбасын жабындысы алынып, жарылған магистралды тұрба құбыры табылды. 

 Жарылған жерге арнайы дәнекерлеу техникасымен авариялық бригада жұмылдырылды, екі сағат ішінде ДУ273 L-3 метрлік тұрба ауыстырылып, жылу берілді. Гидроизоляция арқылы авария орны тексерілді, содан кейін авария болған жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Маңғыстау облысы