Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Маңғыстауда теңізде апатқа ұшыраған адамдарды құтқару бойынша оқу-жаттығу өтті

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізі жағалауында, Ақтау қаласы Жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің аумағында қыс мезгілінде адамдарды құтқару кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау және «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда теңізде апатқа ұшыраған адамдарды құтқару бойынша оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығудың мазмұны бойынша балықшылармен бірге қайықты теңізге алып кеткен болатын. Куәгерлер оқиға туралы «112» телефон нөмірі арқылы хабарлады. Құтқару катерімен құтқарушылар тез арада теңізге шықты. Балықшылар өздерінің орналасқан жерін жанып тұрған фальшфейер арқылы білдірді. Құтқарушылар «зардап шегушілерді» қайық арқылы жағаға қауіпсіз жерге көшірді, одан кейін апаттық медицинасы орталығының мамандарына қажетті көмек көрсету үшін тапсырды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының қыс мезгіліндегі ықтималды ТЖ-ға қарсы әрекет етуге дайындығын анықтау. Оқу-жаттығу барысында зардап шегушілерді құтқару бойынша тәжірибелік дағдылар мен төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл қызметтердің басқару органдарының бірлескен іс-әрекеттері пысықталды.

 

Маңғыстау облысы