Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

Атырау облысында балық өнеркәсібі дамуда

1440 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2019 жылдың маусым айында Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Қ. Тоқаев өңірде мұнай-газ саласынан басқа балық аулауды дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысында балық өнеркәсібі дамуда

«Жергілікті экономиканың мұнай-газ және мұнай-химия кешендерінен басқа да салаларын дамыту қажет. Өңірдің балық өнеркәсібін қалпына келтіру және осы секторға инвесторлар тарту керек. Қабылданған шаралардың нәтиже бермей жатқанын көріп отырмыз. Біздің азаматтар нақты істер күтеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі және әкімдік бұл мәселеге баса назар аударуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде.

Бүгінде Атырау облысы тек мұнай астанасы ғана емес, сондай-ақ балық өнеркәсібінің дамуымен де танымал.

Қазіргі таңда облыста балық аулаумен және оны өңдеумен әр түрлі меншік нысанындағы 19 өндірістік кәсіпорын, 2 бекіре балық өсіру зауыты айналысады.

2019 жылы балық экспорты 8,9 мың тоннаны құрады.

Бекіре балықтарының табиғи өсімі көлемінің қысқаруына және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында көмірсутек шикізатын өндіруді қарқындатуға байланысты Орал өзенінің атырауында өтемдік нысан ретінде 1998 жылы Атырау бекіре балық өсіру зауыты салынып, пайдалануға берілді.

Кәсіпорын қызметінің мәні — Жайық өзеніне жасанды тәсілмен алынған және өсірілген бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын шығару жолымен Каспий теңізі бекіре балық түрлерінің қорларын толықтыру. Зауыт директоры Рашиден Қалидуллин айтып өткендей, жыл сайын зауытта 3,5 млн дана бекіре тұқымдас балықтардың шабағы шығарылады. Негізінен ақсерке, бекіре, шип және шоқыр.ъ

1998 жылдан бастап 2019 жылға дейін Орал-Каспий бассейніне 89 млрд данадан астам бекіре тұқымдас балықтардың өміршең шабақтары өсіріліп, жіберілді. 

2

«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын 100% орындап жатырмыз. Бекіре тұқымдас балықтардың 3,5 млн шабағын өндіреміз, табиғат пайдаланушылар үшін бекіре тұқымдас балықтың 120 мыңнан астам шабағын өндіреміз. Зауыттың жұмысшылары туралы айтатын болсақ, бізде 78 адам жұмыс істейді. Олардың 60%-ы – балық шаруашылығының мамандары», — деді Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Рашиден Қалидуллин.

1934 жылдан бастап балық өнімдерін шығарумен «Амангелді атындағы» ЖШС айналысады. Осы жылдар бойы кәсіпорынның негізгі қағидасы — ең жақсы, экологиялық таза балық өнімдерін шығару. Тәулігіне мұнда 395 тонна балық өңделеді. 2019 жылы 1,1 мың тонна мұздатылған балық, 225 тонна сүйегінен ажыратылған балық еті және 50 тонна өңделген балық өндірілді. «Амангелді атындағы» ЖШС өнімдері Қазақстан, Ресей, Украина және Әзербайжан, Өзбекстан және Франция, Болгария, Германия нарықтарында үлкен сұранысқа ие.

Балық аулау саласында жұмыс істейтін тағы бір кәсіпорын — «Сaspian Royal Fish» ЖШС бекіре балық өсіру зауыты. Кәсіпорын өз қызметін 2014 жылы «Caspian Royal Fish» атауымен бастады. 2019 жылы зауыт 12,5 тонна тауарлық балық және 620 кг тағамдық уылдырығын өндірді. Caspian Royal Fish бас балық өсірушісі Ахат Ниматов зауыттың жұмыс көрсеткіштері мен болашаққа жоспарлары туралы айтып берді.