Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Әскери қызметшілер соғыс ардагерінің туған күніне арналған шеру өткізді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері екіншідүниежүзілік соғыстың ардагерлері, сержант Закария Сұлтанов пен қатардағы жауынгер Валентина Коноплевалар үшін олардың үйінің алдында шағын шеру өткізді. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери қызметшілер соғыс ардагерінің туған күніне арналған шеру өткізді

Әскери қызметкерлер салтанатты шерумен соғыс ардагерлерін Жеңістің 75 жылдығымен және осы күні 97 жасқа толған Валентина Коноплеваны туған күнімен құттықтады.

80-ге жуық әскери қызметші, «Жас Сарбаз» тәлімгерлері мен әскери оркестр өкілдері ардагерлерің тұрғылықты үйіне келіп, ауласында төрт жаяу қорап болып майдангерлердің алдынан «Славянмен қоштасу» шеруінің орындалуымен салтанатты түрде адымдап өтті.

Ардагерлерді құттықтауға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының өкілдері мен қала тұрғындары жиналды. Салтанатты шеруден кейін әскери оркестр дефиле көрсетсе, «Меруерт» би тобы «Катюша» және «Тальяночка» билерін орындады.

1

Әскери қызметшілер алдағы уақытта басқа да екіншідүниежүзілік  соғыс ардагерлеріне арналған осындай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.