Спорт • 28 Ақпан, 2020

Ақтауда отырып ойнайтын волейболдан ел біріншілігі өтуде

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда тірек-қимылы зақымдалған ардагер спортшылар арасында отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан республикасы Чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда отырып ойнайтын волейболдан ел біріншілігі өтуде

Ардагер спортшылар арасында бұл спорт түрінен ел біріншілігі киелі Маңғыстауда осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа республикамыздың әр аймағынан 8 командадан құралған барлығы 80 спортшы бақ сынаспақ.

Шараның ашылуында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Трифонов Владислав Вячеславович спортты жанына серік еткен ардагер спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының спорт шебері, спорт ардагері және республикалық, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, маңғыстаулық Лұқпанов Қарасай Түлеуұлы өзінің соңғы ойынын көрсетіп, оны жанкүйерлер спорттан құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Жұмабаев Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан ардагер спортшыға Алғыс хат табыстады.

Салтанатты шарада мың бұралған бишілер би билеп, әсем ән шырқалды. Дүбірлі дода үш күнге созылмақ.

 

 

Маңғыстау облысы