«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау бойынша қажетті тергеу амалдары, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде» делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Майқарағай ауылына жақында ғана жұмысқа келген 19 жастағы қыз мектеп маңында зорланған.
Факті бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция мәліметінше, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды.