Қауіпті вирусты елге таратпау кешенді шараларының ережесіне сәйкес, Мемлекет басшысымен бірге барған ресми тұлғалар Шыңғыс хан халықаралық әуежайында коронавирусқа тексерістен өтіп, арнайы мекемеге 14 күнге оқшауландырылды.
Ресми мәлімет бойынша, Президент Х.Баттулга астаналық емханалардың біріне жеке жатқызылса, онымен бірге барған Ішкі саясат мекемесінің министрі Д.Цогтбаатар, Төтенше жағдайлар бойынша бас басқарма (ТЖББ) басшысы, генерал-майор Т.Бадрал, Президент әкімшілігінің басшысы У.Шижир, Сыртқы саясат бойынша Президент кеңесшісі Т.Тэгшжаргал астаналық Хан-Уул ауданы аумағында «Жаргалант» тау шатқалындағы арнайы оңалту шипажайына жіберілді.