Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Маңғыстауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті кездесу ұйымдастырды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұйымдастыруымен Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің басшылық және жеке құрамының қатысуымен кездесу өтті. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті кездесу ұйымдастырды

ҚК 146 бабымен тіркелген қылмыстық істер бойынша Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Л.Тайлақ ҚПК 200 бабының 1 тармағының талабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды және заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарымен таныстырып өтті.

Ал Департамент басшысы Б.Жылқыбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, жеке құрамға заңбұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді жұмыс атқару қажеттілігі туралы әңгімеледі.

Сыбайластықтан сақтандырып, оны болдырмау мақсатындағы тағылымды кездесуден соң қатысушылар «1424» көркем фильмін тамашалады.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің сыбайлыстықпен, жемқорлықпен күрес бағытындағы кездесулері жалғаса бермек.

Маңғыстау облысы