Қазақстан • 03 Наурыз, 2020

Маңғыстау тұрғыны Ішкі істер министріне алғыс жолдады

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атына өз қызметтік міндеттерін орындау, толық және объективті түрде алаяқтық қылмысты тергегені үшін Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығына азаматша өз алғысын білдіріп, хат жолдады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау тұрғыны Ішкі істер министріне алғыс жолдады

2014 жылдың қазан айында К.есімді азаматша А.есімді туысының үйінде отырып, сенімге қиянат жасау мақсатында әңгіме барысында 2014 жылы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігіне және 96-бабы 2-бөлігіне сәйкес 10 жыл бас бостандығынан айырылған М.есімді сотталушының өтеу мерзімі азайтуға байланысты мәселенің шешуінде өз мүмкіндігі барына А.есімді азаматшаны сендіреді.

Өз кезегінде жәбірленуші А., сенімді қарым-қатынасқа сүйене отырып, сондай-ақ, К. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасының қызметкері екенін біле тұра, сол күні өзінің С.есімді құрбысына кейін А.мен К. арасында телефон арқылы келісілген ақшалай сыйақыға ұлының жаза өтеу мерзімін қысқартуға байланысты мәселенің шешілуіне К.есімді туысы арқылы мүмкіндік барын хабарлайды.

13 қазан 2014 жылы К. Нұр-Сұлтан қаласында болған кезде қасақана пайдақорлық ниетпен С.-ға берген уәдесін орындамай, ол үшін қызметтік құзыреті болмай, алдап, сенімге кіріп, өз ойлаған ісін аяқтау үшін 3 636 000 теңге көлемінде ақшасын иемденіп алды.
Осылайша, күдікті К. өзінің қасақана қылмыстық әрекеттерімен Қазақстан Республикасының ҚК – нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін «Алаяқтық», яғни ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен ұрлағаны үшін айыпталып отыр.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін, осы қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды, кейіннен сотта К.-ға қатысты үкім шығарылды.

 

 

Маңғыстау облысы