Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Маңғыстаулық оқушылар мектепте макулатура жинайды

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдан бері жасөспірімдердің бастамасымен, Басқарманың ұйымдастыруымен өлкедегі барлық білім беру мекемелерінде «26 мамыр – қағаз қалдықтарын жинау күні» акциясын жариялады. Бұл туралы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаулық оқушылар мектепте макулатура жинайды

Акция барысында білім беру мекемелері кәсіпкерлерге қағаз қалдықтарын тапсырады. 2018-2019 жылдары тұрғын-үй қорына қызмет көрсету ұйымдарымен және жеке кәсіпкерлермен бірлескен қайта пайдаланылатын қалдықтар фракцияларын бөлек жинауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша бірлескен отырыс, «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлескен, облыстағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату аясындағы, кәсіпкерлер арасында өндірушілердің  кеңейтілген міндеттемелерін  (Оператор РОП) іске асыру сұрақтары бойынша кеңес өтті.

ЖК «EcoWeste Aktau» 2018-2019 жылдары жасөспірім балалар арасында «Қоршаған ортаны сақтайық!» жазғы акциясын ұйымдастырды. Жеңімпаз балаларға планшет, скейтборд (сырғанақ тебуге арналған) және экосөмкелер сыйлады. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы акцияға белсенді қатысқан балаларға арнайы футболка, бейсболкалар берді және алғыс хаттармен, дипломдармен марапаттады.