Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Іскер әйелдер кеңесі ізгі істерге ұйытқы болып келеді

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі  2019 жылы 11 отырыс өткізіп, Қарақия, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында көшпелі отырыс өткізді.

Іскер әйелдер кеңесі ізгі істерге ұйытқы болып келеді

Кеңестің ірі шарасы Маңғыстау ауданының белсенді әйелдерімен келіндер шеруін ұйымдастырумен басталды. «Мен-әйелмін, әлемнің анасымын!» тақырыбында өткен шараға 300-ден астам нәзік жандылар қатысып, ұлттық өнерді дәріптеді. Ұлттық мереке қарсаңында «Наурыз Думан» фестивалін өткізілді. 500 адам қатысқан шарада бабалар дәстүрі мен ұлттық құндылықтар насихатталды. ІӘК-нің жастар қанаты құрылып, оған 8 адам мүше болды. Маңызды шаралар легін ұйымдастыру мұнымен толастаған жоқ. 52 ауылдың әйел кәсіпкерлері келген 2 күндік тренинг өтті. Жаңаөзенде аналар слётінің жоғары деңгейде өтуі де ІӘК-нің мұрындық болуымен екенін айтап айтқан жөн.

Ақтауда «Маңғыстау сән құрақ фестивалі» атты облыстық іс-шара  өңірдің барлық аудандары мен Ақтау қаласынан 130 шебердің қатысуымен өтті. Гран-при және 1-3 орын жеңімпаздары анықталып, тағы 10 аталым бойынша жүлде қоры белгіленді. Жеңімпаздарға тігін машиналары, қалғандарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35