Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Маңғыстауда іскер әйелдер майдангер аналарды құттықтады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда Іскер әйелдер кеңесі жанында көп балалы аналарға әртүрлі кеңес беру, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету үшін аналар кабинеті ашылды. 50 ана кеңес алып үлгерді. Ал, Түпқараған ауданында 120 әйел-ана қатысқан «Ұлағатты енеден - инабатты келінге» атты әлеуметтік әйелдер форумын өтіп, оған психолог пен коуч- тренерлер қатысып, өмірден түйгендерімен бөлісті.

Маңғыстауда іскер әйелдер майдангер аналарды құттықтады

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Халелқызының айтуынша, «Атамекен» микро қаржы ұйымы ІӘК-мен бірлесіп 52 ауыл әйелін қаржыландыруға көмектесті. 280 млн теңгеге жуық сомасына 52 жоба, 55 жұмыс орны құрылды. Салалар бойынша ауыл шаруашылығына 161 млн теңге, 30 жұмыс орындары, өзге де қызмет түрлері наубайхана, тігін цехы, сұлулық салоны және т.б. 119 млн теңге, 25 жұмыс орны ашылды.

Маңғыстаудағы Іскер әйелдер кеңесі қайырымдылық шараларына тұрақты ат салысып келеді. Екіншідүниежүзілік соғысқа қатысқан әйел ардагерлерін құттықтау, соғыс ардагері Ольга Заривнякке тігін машинасын сатып алып беруге мұрындық болды және Шетпе кентінде 4 отбасына арналған «АСАР-үй салу» акциясына қатысып, баспанасыздардың жеке үйлі болуына көмектесті.

Ақтау қаласындағы қарттар үйінің жалғыз көлік құралына қосалқы бөлшектер сатып алып беріп, «Мектепке жол» акциясына қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына қолдау жасалды. Аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратуға облыстағы барлық Іскер әйелдер кеңесі мүшелері ат салысты.