Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Үшжақты меморандумға қол қойылды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарымен Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуды ынталандыру бойынша жобаның Жол картасы бекітілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында облыс әкімі С. Трұмовтың қатысуымен өткен Өңірлік кеңесі мүшелерімен кеңейтілген отырысында мәлім болды деп хабарлайды Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі.

Үшжақты меморандумға қол қойылды

«Өзенмұнайгаз» АҚ сатып алуларына кәсіпкерлік субъектілерін тарту және оқшаулау арқылы Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамту бойынша өңірлік бірлескен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының басшысы болып - облыс әкімінің бірінші орынбасары және хатшысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы тағайындалды.

Осы уақытқа дейін, аталған жұмыс тобының 5 отырысы өтіп, жобаларды жүзеге асырудағы мәселелер бойынша сұрақтар қарастырылды.

Шара соңында Жаңаөзен қаласының әкімдігі, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы және Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен үшжақты меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум аясында «ӨзенМұнайГаз» компаниясы сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтай отырып, жұмыс орындарын құру жөніндегі мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ-ның сатып алу стандарты жобасын іске асыру үшін жағдай жасауға міндетті.