Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Маңғыстау: «Каспий күні» қандай шаралармен есте қалды?

678 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2006 жылы 12 тамызда күшіне енген Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздік конвенцияны (Тегеран конвенциясын) жүзеге асыру процесіне көпшілікті тарту мақсатында Каспий аймағындағы барлық бес мемлекетте «Каспий күні» атап өтіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау: «Каспий күні» қандай шаралармен есте қалды?

Қазақстан үшін, әсіресе Ақтау қаласы тұрғындары үшін Каспий теңізінің қоршаған ортасының проблемаларына қоғамның ынта-ықыласын аударуға әсер ететін Каспий күні ерекше мереке болып табылады.

Қазақстан бойынша Каспий күні жыл сайын Маңғыстау және Атырау облыстарында атап өтіледі. Негізгі іс-шара Ақтау қаласында Каспий теңізінің әсем жағалауында Маңғыстау облысы әкімдігінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және Тегеран конвенциясы Хатшылығымен ынтымақтасып өткізіледі.

Мереке аясында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысымен 2019 жылдың 10 тамызында Самал шағын-ауданына I love Aktau жаға жайына дейінгі 3,1 шақырым қашықтықта «велокросс» өткізілді. Бұл шараға қала тұрғындары, әсіресе жастар белсенді қатысты.

Сонымен қатар 2019 жылдың 12 тамызында 4 ш/а теңіз жағалауында балаларға арналған сурет салу және т.б. шаралар ұйымдастырылды. Қаланың орталық көшелерінде баннерлер ілініп, 14 ш/а орталық көшесінде ЛЭД экраннан Каспий күніне орай арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Премьер-Министр Асқар Маминнің қолдауымен  және 12 тамыз - Каспий күні мерекесіне орай 2019 жылы 10 тамыз  күні балық шаруашылығы ауданының № 5-учаскесінде «Бірге - Таза Қазақстан» атты экологиялық санитарлық тазалау акциясы жүргізілген болатын. 

Аталған басқарманың хабарлауынша, «Каспий күні» мерекесі биыл да ерекше аталып өтпек.

Маңғыстау облысы