Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Маңғыстау өнерпаздары қыз-келіншектер мерекесіне арнап концерт өткізді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Мұрат Өскінбаев атындағы  Маңғыстау облыстық филармония ұжымы 8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер күніне орай «Ақшағала» тобының концертін ұйымдастырды. Әншілер жанды дауыста ән шырқаған концертке өңірдегі бірнеше ұйымның  өкілдері жиналып, ұжымдағы аруларға арналған музыкалық құттықтауды қабыл алды.

Маңғыстау өнерпаздары қыз-келіншектер мерекесіне арнап концерт өткізді

Алғашқы музыкалық құттықтау мәдениет саласында көптеген жылдар қызмет жасап, өлкенің рухани дамуына өзіндік үлестерін қосқан ардагер апаларға ағайынды белгілі әншілер Асқар, Асанәлі Көшеровтер Александр Зацепиннің «Мама»  әнін орындап берді.

Сонымен қатар концертте кезек-кезегімен Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Ақтау қаласы әкімшілігіндегі қыз-келіншектер, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры, облыстық қуыршақ театры, әртүрлі салаларда қызмет жасап, өздерінің еңбегімен көрініп жүрген әйелдер, Білім және инновация лицейі, Өнер колледжі және Музыкалық мектеп арулары, Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайы, Маңғыстау облыстық мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мен Отпан мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қыздары, облыстық ғылыми әдістемелік орталығы мен облыстық кітапхана, «Абай» мәдени-демалыс кешені арулары, облыстық аурухана мен  облыстық емхананың қыз-келіншектері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласында жүрген қыздар үшін арнайы музыкалық құттықтау арналды.

Маңғыстау облысы