Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Маңғыстауға қызығушылық танытқан туристер саны артып келеді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңірі – туризмді дамытуға мүмкіндігі мол өңір. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасына Каспий теңізінің жағалауында теңіз курортының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар енгізілуі өлкенің туристік келбетін айқындай түседі.

Маңғыстауға қызығушылық танытқан туристер саны артып келеді

Қазіргі таңда жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау мен Құрық порты аралығындағы теңіз жағалауының инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде электр қуатымен, сумен, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Ақтау қаласынан «Алау» балаларды сауықтыру лагеріне дейінгі 4 жолақты қозғалыстағы, одан әрі Құрық паромдық кешеніне дейінгі 2 жолақты қозғалыстағы автожолдың құрылысын салу және қайта құрылымдау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, былтыр Маңғыстау өңіріне келген турист саны 200 мыңнан асты. Оларға көрсетілген қызмет көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, 104,3%-ға өскен.

 

Маңғыстау облысы