Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің мамандары Н.Мұқатай, Е.Сисеналиев және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Қ.Нышанбаев баяндама жасады.
Шара барысында Е.Сисеналиев мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың қызметіне ішкі және сыртқы талдау жүргізу туралы толық мағлұмат беріп, департаментпен жасалған сыртқы талдау нәтижелеріне шолу жасады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, «1424» фильмін тамашалаумен аяқталды.