Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Маңғыстау облысында қоршаған ортаның жағдайы баяндалды

1144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 69-бабының 1-тармағында жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға міндетті екендігі нақты айтылған.

Маңғыстау облысында қоршаған ортаның жағдайы баяндалды

2019 жылдың басынан бастап «2019 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару тиімділігін арттыру» іс-шаралар жоспары жасақталды және жоспарға сәйкес жұмыс жасау үшін жұмыс тобы (штаб) құрылды. Кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес әр сала бойынша бюджетке қаражат өндіру мақсатында мемлекеттік органдар жұмылдырылды, деп хабарлады Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы баспасөз қызметі.

Сондай шаралардың бірі, «Маңғыстау облысында 2017-2018 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізген құрылыс объектілері бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу мен төлемдер жүргізу туралы» Түпқараған, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарына және Жаңаөзен, Ақтау қалалары бойынша құрылыс мекемелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлығы 175 мекеме қатысты.

Жиналыс барысында, экологиялық заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде қоршаған орта эмиссиялары туралы толықтай ақпарат берілді, эмиссияларға рұқсат алу мемлекеттік қызметін жіберудің әдістемелік нұсқаулықтар таратылып, кеңейтілген түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2019 жылға Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті және біздің Басқармамен бірлескен үш жақты жоспар жасақталған.

2019 жылы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатсыз жұмысын жүргізген құрылыс объектілерінен бюджетке 1 млн теңге көлемінде қаражат өндірілді. Қоршаған орта эмиссияларына қатысты «Дөңгелек үстел», жиналыстар, семинарлар, табиғат пайдаланушыларға сауалнама жүргізу түрінде 12 іс-шара өткізіліп, барлығы – 500 адам қатысты.

Штабтың құрамында бірлесіп жұмыс жасау үшін әрбір мемлекеттік органдардан жауапты тұлға бекітіліп, жұмыс тобы құрылды. Салыстыру жұмыстарының нәтижесінде анықталған ауытқушылықтар бойынша, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мен Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, бюджетке қосымша төлемдер өндірілді.