Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Маңғыстауда полицей әйелдер марапатталды

453 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде 8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары жетістіктерге қол жеткізгендері үшін бірқатар әйел қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда полицей әйелдер марапатталды

Маңғыстау полициясы сапында абыройлы еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Олардың арасында жоғары шенді полицейлер мен лауазымды қызметтегілері де жоқ емес.

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Құрмет грамотасымен» - ПД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Раушанова, «Ішкі істер органдарының үздігі» II-дәрежелі төсбелгімен – ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс тобының аға инспекторы полиция майоры С.Сұлтанова, «ІІМ-нің алғыс хатымен» - ПД Ақпараттандыру және байланыс технигі полиция старшинасы Ж.Мирманова,

«Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III-дәрежелі медалімен ПД Тергеу басқармасының аймақтық бақылау бөлімінің анықтаушысы полиция капитаны Б.Кашиева, «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III-дәрежелі медалімен ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының жедел есепке алу тобының инспекторы Ә.Әбді марапатталса, «Полиция майоры» кезекті арнаулы атағы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инспекторы полиция капитаны С.Сағызбаеваға, «Полиция лейтенанты» кезекті арнаулы атағы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі Ш.Тәжіқұлға берілді.

Сондай-ақ бірқатар нәзік жанды полицейлерге Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының атынан «Құрмет грамота» мен грамота, Алғыс хат табысталды және департаменттің 361 қызметкері ақшалай сыйақымен марапатталды.

Департамент басшылығы әйел құрамды мерекелермен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

Маңғыстау облысы