Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Құрық порты: Өткен жылғы әлеуеті қандай?

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр «Құрық Порты» арқылы 1,3 млн тонна жүк тасымалданған болса, оның ішінде 234 мың тонна жүк автокөлікпен тасымалданған. Сонымен қатар құрық паромдық кешені арқылы 11 мыңға жуық жолаушы тасымалы ұйымдастырылған.

Құрық порты: Өткен жылғы әлеуеті қандай?

Ал Құрық портынан тасымалданатын өнімді теміржол арқылы өткізуде ереше мәнге ие Болашақ стансасы арқылы барлығы 1,2 млн тонна жүк жіберілген. Қарақия ауданындағы өзге ауылдар секілді жаңа ауылдың өркендеуі де басты назарда. 2019 жылы 46,3 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 110,5 пайызды құрап отыр. Даму бюджетінің көлемі трансферттерді қоса алғанда - 1 млрд 990 млн теңгені құрады, орындалысы 100 пайыз.

1

2020 жылға Бостан, Құланды, Болашақ ауылдары да 4-ші деңгейлі бюджет жүйесіне өтіп, барлығы 7 ауылдың бюджеті 1,4 млрд теңге болып бекітілді.

 

Маңғыстау облысы