Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Әскерилер радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс сұрақтарын пысықтады

778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері бөлімшелерінің далалық шығуы аяқталды. Бұл туралы «батыс» өңірілк қолбасшылығы баспасөз қызметінен капитан Р.Игисинов хабарлады.

Әскерилер радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс сұрақтарын пысықтады

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен әскери бөлімдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары РХБ барлау, қару-жарақ пен әскери техниканы арнайы өңдеу, аэрозольді бүркемелеу міндеттерін орындау бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдірді.

-Далалық шығудың негізгі мақсаты жеке құрамның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерді үздіксіз басқару бойынша міндеттерді ұйымдастыру мен орындауда дағдыларын, іскерліктерін жетілдіру болып табылады. Зақымаданған жер учаскесі анықталған жағдайда жеке құрам оны зарарсыздандыру, сондай-ақ жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы арнайы өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асырды, деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы майор Алмас Несіпқалиев.

Сонымен қатар АРС-14 автоқұю станциясын өрістету бойынша нормативтер пысықталып, МК-АТ дозиметр-радиометрлері және AP4C жауынгерлік уландырғыш заттар мен улы заттарды анықтау детекторы қолданылды. Сабақ барысында әскери қызметшілер қорғаныс киімдерін пайдаланды.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерді жауынгерлік (жедел) қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады. Ол әскерлердің шығындарын барынша азайтуға бағытталған радиоактивті, химиялық және биологиялық жұқтыру жағдайында қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды жоғары дәлдіктегі және басқа да қару түрлерінен қорғауды арттыруға бағытталған ұйымдастыру және тәжірибелік іс- шаралар кешенін қамтиды.

 

 

Маңғыстау облысы