Қоғам • 06 Наурыз, 2020

Маңғыстауда сот қызметкерлері қан тапсырды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы «Волонтерлер жылында» өңірдегі барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Игі істер уақыты» бастамасы аясында қан тапсыруға бей-жай қарамай, өз үлестерін қосуда, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Маңғыстауда сот қызметкерлері қан тапсырды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Қазақстан Республикасы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңының 6-бабының  2-тармағына сәйкес, волонтерлік қызметтің негізгі түрлеріне қиын жағдайларға (апаттар, жазатайым оқиғалар және т.б.), душар болған адамдарға көмек көрсету қарастырылған.

Аталған игі істен Маңғыстау соттарының қызметкерлері де тыс қалмай арнайы орталыққа барып, қан тапсыруға бір ауыздан ат салысты.

-Егер біз тапсырған қан арқылы өзгенің өмірі жалғасса, біз үшін одан асқан қуаныш жоқ дейді, сот қызметкерлері.

Өз кезегінде сөз алған ақ халаттылар сот қызметкерлеріне денсаулық жараса донор болудың пайдалы екенін айтып, жауапкершілігі мол жұмыста сәттілік тіледі.