Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Маңғыстауда коронавируске қатысты оқшаулау стационарлары дайындалған

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығында коронавирус инфекциясы бойынша атқарылып жатқан іс шаралар туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Маңғыстауда коронавируске қатысты оқшаулау стационарлары дайындалған

Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Ерғали Сыдымановтың айтуынша облыс аймағында оқшаулауға арналған стационарлар бекітілген.

Маңғыстау облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 60 орындық, облыстық туберкулезге қарсы диспансер (провизорлық стационар) 200 орындық орын дайындалса, Жаңаөзен қалалық көп бейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінен 60 орын белгіленген.

Маңғыстау облысында Коронавирус инфекциясының алдын алу және республика аймағына таралмау мақсатында Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің соңғы 04 наурыз 2020 жылғы №12 «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қаулысына сәйкес іс шаралар жүргізілуде.

 

 

 

Маңғыстау облысы