Үкімет • 10 Наурыз, 2020

Өнеркәсіптегі жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар іске асырылады

210 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев сыртқы экономикалық конъюнктураның өзгерістерін ескере отырып, қазіргі таңда өнеркәсіптегі жағдайды тұрақтандыру үшін Үкімет  бағытталған шұғыл шаралар пакетін қабылдағанын айтты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Өнеркәсіптегі жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар іске асырылады

 Өнеркәсіптгеі жағдайды тұрақтандыру үшін Үкімет мынадай шұғыл шаралар пакетін қабылдады:

- жұмыс орындарын сақтау

 - ішкі нарыққа бағытталған жаңа өндірістерді дамыту (импортты алмастыру);

 - қазіргі сауда ағындарын сақтау үшін баламалы өткізу нарықтарын іздестіру.

Сонымен қатар «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында отандық кәсіпорындарды тауарларды жеткізу, жұмыстар мен қызметтерді ұсынуға барынша тартуға баса назар аударылады, бұл құрылыс материалдарын өндіру, металлургия, химия және басқа да жақын секторларда кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында келесі жұмыстар көзделген:

- тұрғын үйді пайдалануға беру — 15 млн шаршы м;

- жолдарды жөндеу және салу — 2,6 мың шақырым республикалық маңыздағы, 4,3 мың шақырым жергілікті желі.  

Аталған шараларды іске асыру есебінен отандық жеткізілімдер үлесін 95% дейін ұлғайту көзделген. 

Қ. Өскенбаевтың айтуынша, металлургия өнеркәсібінде аса жоғары бөліністі тауарлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады:

- өткізудің баламалы нарықтарын іздеу;

- жоғарғы қосылған құны бар өнімдер өндірісін дамыту;

- мұнай компанияларының отандық өндірушілерден құбырларды сатып алуы;

- стратегиялық инвесторларды тарту.

«Химия өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тек отандық өндірістің минералдық тыңайтқыштарының құнын субсидиялау, лак-бояу саласын дамыту, құрылыс материалдарын өндіру және басқа да жақын салаларды дамыту үшін шикізат өндіруге дайын сала кәсіпорындары үшін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу, жарылғыш заттарды өндірушілер, өнеркәсіптік химикаттарды отандық өндірушілер арасында ұлттық компаниялармен, жүйе құраушы кәсіпорындармен, жер қойнауын пайдаланушылармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігін пысықтау арқылы отандық кәсіпорындарды қолдау көзделген», — деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев.

Машина жасауда мынадай жүйелі шаралар қолға алынатын болады:

- Сұранысты ынталандыру құралдары арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау күшейтіледі;

- Өңірлік серіктестердің бірқатар тауарларға импорттық баж салығын төмендету, сондай-ақ қазақстандық тауарлар үшін басқа да бөгеу шараларын алу мәселесін үкіметаралық талқылауға шығару;

- Отандық өнімді реттелетін сатып алулар арқылы ілгерілету;

Отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде шаруаларды субсидиялаудың басым шарттарын қамтамасыз ету және т. б.

Фармацевтика өнеркәсібінде келесі шаралар қабылданады:

- СК Фармация арқылы ТМККК қазақстандық өндірістерін сатып алу үлесін арттыру (төсек-орын жабдығы, медициналық халаттар және т. б.);

- Өмірлік қажетті және маңызды дәрілік препараттар тізбесіне енгізілген дәрілік заттардың құнын субсидиялау.

Жалпы, өнеркәсіптегі жағдайды тұрақтандыру мәселелері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрақты бақылауында. Сыртқы экономикалық конъюнктурадағы жағдайлардың одан әрі өзгеруінің алдын алу үшін жедел және стратегиялық сипаттағы іс-шаралар белсенді қабылдануда.