Парламент • 12 Наурыз, 2020

Мәжілісте мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті

142 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілісте мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті

Отырысты ашқан Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов заң жобасы мемлекеттік сатып алуды орталықтандыруға және оның жаңа тәсілдерін енгізіп, тікелей бір көзден шарт жасасуға құқылы тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру жолымен тиімділікті және ашықтықты арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Енгізілетін түзетулер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге арналған. Бұл туралы депутаттарға Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев баяндама жасап: - 2020 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы «Сатып алу процедураларының ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды болдырмайтын сандық технологияларды белсенді енгізу қажет», - деп атап өткен болатын. Осыған байланысты, веб-порталды жетілдіру электрондық қаржы Орталығының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жыл сайын Орталық веб-порталдың функционалдығын жақсарту мақсатында 100-ге жуық жетілдіру жұмыстарын жүргізеді, - деді.

Бүгінгі таңда 167 ұйым веб-портал ақпаратын тиісті талдау жасау үшін немесе бар ақпаратты нарықтың басқа қатысушыларына ұсыну үшін пайдаланады. Осыған сәйкес, біріншіден, сатып алудың барлық кезеңдерінің ашықтығы. Мұнда веб-портал толығымен ашық және айқын. Барлық операциялар тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы байланыссыз электрондық форматта өтеді.

Мемлекеттік орган сатып алу порталында хабарландыру жариялайды және өтінімдерді қабылдаудың ең аз мерзімін белгілейді. Кәсіпкер өтінім береді және белгіленген мерзімде баға ұсыныстарын автоматты түрде ашылады. Ең төмен баға берген қатысушы жеңімпаз деп танылады. Екіншіден, форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ). Яғни, бір көзден әдісімен сатып алуды өткізу кезінде ФЛБ.ФЛБ-бұл мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау.

Атап айтқанда, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алудың 19 негіздемесі бойынша заңнамада көзделмеген жағдайларда тапсырыс берушілерге шарт жасасуға мүмкіндік бермейтін ФЛБ орнатылған. Бұл ретте, Қаржы Министрлігімен осындай шарттар жасасуға құқылы нақты тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің тізімі жасақталған. Осы шараларды қабылдау бір көзден алу тәсілімен сатып алулардың қысқаруына ықпал еткен. Сонымен қатар,2019 жылдың 1 тамызынан бастап жиһаз және жеңіл өнеркәсіпті сатып алуға индустриялық сертификаты бар отандық өндірушілер ғана қатыса алады.

Веб-портал басқа жеткізушілерге рұқсат бермейді. Осылайша, шетелдік өндірушілер мен импорттық тауарлардың делдалдарына жиһаз және жеңіл өнеркәсіпті сатып алуға қол жеткізу шектелген.Сондай-ақ, осындай бақылау шаралары IT-қызметтерді, автомобильдерді, трансформаторлар мен кәбілдік өнімдерді сатып алуға қатысты жүзеге асырылған. Электрондық тізілімі-шағымдар бойынша.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында "электрондық шағымдану"функционалы енгізілді.

Енді шағымдар электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, веб-портал арқылы берілмек. Отырысқа Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен ведомство басшылары және парламенттік емес саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Қайназаров Уәлихан Анарбайұлы белгіленді.