Өткен жылдың 19 наурызы — егемен еліміз үшін ерекше күндердің бірі. Себебі, дәл сол күні Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміз үшін тағдыршешті, маңызды шешім қабылдап, билікті Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор сеніммен тапсырып берді. Елбасының бұл саяси қадамының қаншалықты көреген шешім екенін төреші уақыт әлі де әділ бағалайды деп ойлаймын.

Жалпы, жас мемлекетіміздің небір алмағайып заманның сын-қатерлерін артқа тастай жүріп аяғынан тік тұруы, тәуелсіздігіміздің нығайып, елдігіміздің еңселенуі жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының атқарған еңбегін ертеңгі ұрпақ жадында жақсы тұтады деп сенеміз.
Айналасы тарих үшін бір қас-қағым сәт – отыз жылдың мұғдарында жалғыз біздің еліміз ғана емес, жаһан жұртшылығы үш бірдей үлкен дағдарысты басынан өткеріп, ендігі кезекте төртіншісімен, яғни адамзатты түгел жайлап келе жатқан өркениет дағдарысымен бетпе-бет келіп тұрмыз.
Мен атаған дағдарыстардың негізінен біріншісі, геосаяси – теке-тірестің аренасындағы ғаламдық күштердің ықпалынан туындаған экономикалық дағдарыстың үстіне демократиялық процестерді ойланбай жүргізу кеңестер одағының тарауына бірден-бір себепкер болды деуге әбден болар. Айтпақшы тарихтағы аналогия – бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі либерализмге бетбұрыс саясаты Ресей империясының түбіне жеткені белгілі. Ал екінші және үшінші дағдарыстарға ғаламдық экономикадағы трансформацияны қажет еткен іштен бұлқынған тектоникалық процестердің әсері болды деп есептейді сарапшылар.
Ал бүгінгі кезеңде өркениеттердің арасындағы қырғиқабақ қақтығыстардың себебінен дүниежүзілік дүрбелеңдерге жалғасып, адамзат алаң күй кешіп отырған жайымыз бар. Мемлекеттер арасындағы сенімсіздікке жол берілуде, кейбір елдерде ұлттық эгоизм шарықтауда, Біріккен Ұлттар Ұйымы бірікпеген көзқарастар алаңына айналуда. Экология жағдайы, коронавирус пандемиясы, мұнай бағасының құлдырауы және де басқа адамзатты алаңдатушы жайттар осы бір тезисті дәлелдеуші фрагменттер сияқты.
Осынау қиын-қыстау кезеңнің бәрін салиқалы сабырмен саралап, алда болатын алапат қиындықтарды әріден болжауда Елбасының саяси қадамдары ел мүддесі үшін ешқашан мүлт кеткен емес.
Тоқсаныншы жылдарда халқымыздың үлес-санының көрсеткіші аз болғанына қарамастан, орталыққа тәуелді, әлеуеті әлсіз, экономикасы тұрақсыз жас мемлекеттің елең-алаң шақтың өзінде сыртқы саясатымызға сына қақтырмай, ішкі саясатымызды ілгерілетуде Тұңғыш Президенттің мойнында біз кейде сезіне бермейтін үлкен жүк тұрды. Елдің басына төнген ауыр қиыншылықтар мен әрқилы шақыруларға халықпен бірге төтеп беру үшін де Елбасы барған сансыз тәуекел көп болды. Өйткені жауапкершілік оның жеке басында еді. Бұған ешкім таласа қоймас. Отанымызды кейбір арандатушылар айтақтаған араздықтан сақтап, көпұлтты біртұтас ел қалыптастыру арқылы Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі ете білді. Елімізде өткен Еуропа Қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы сияқты әрқилы шешімдер азаттығымызды ақсатпай, егемендігімізді еңкейтпей өтуге өткел болды.
Қазақстанда мұнай мен газға, жерасты байлығына тәуелсіз әртараптандырылған экономиканың негізі қалануда, әлеуметтік сала нарықтың жолына көшіп, еңбегіне сай жаңа әділ қоғам орнатуға атсалысуда, сасқанға сая болу саясатын жүргізуде, халқымыздың қолын аузына жеткізетін жаппай кәсіпкерлік кеңінен дамуда, заманауи тенденцияларға сәйкес салаларға ақпараттық және сандық технологиялар енгізілуде. Негізгі күш адам капиталды дамытуға жұмсалуда.
Уақытында 39 пайыз ғана болған қазақ саны осынау салиқалы саясаттың арқасында биыл күзде өтер санақта, бұйырса, демографиялық көрсеткішіміз 76-78 пайызға дейін өсіп, көз қуанарлық межеге жетеді деген үмітіміз бар.
Кезінде Еділден айрылған қазақ енді Елбасының ерлігімен дәл уақытында Есілдің бойына елордасын салып, Еуразияның төрінде, Сарыарқаның төсінде көк байрағын аспанға желбіретті, сөйтіп ата-бабадан аманат болып қалған кең-байтақ қасиетті жеріміздің толыққанды иелігіне қол жеткіздік емес пе?
Осы кезеңнің барлығында Тұңғыш Президент ұлан-ғайыр атырабымыздың біртұтас шекарасын шегендеп, байтағымыздағы байрағымыздың биік желбіреуіне басын бәйгеге тіге жүріп жеткен тарихи тұлға. Мен бұған Ресей Федерациясында елшілікте қызмет етіп жүрген жылдары көз жеткіздім. Сол кездегі Нұрсұлтан Әбішұлы берген тапсырмаларды тиянақтауда бұл нәтижеге оңай жолмен келмегенімізге куәгер болдық. Айтпақшы Қазақстан-Ресей шекарасы дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекетаралық шекара, ұзындығы 7562 км.
Кейде тәуелсіздіктің жетістіктерінің барлығына оңай қол жеткізе салғандай жеңіл пікірлер желдей есіп жатады. Осындайда, қазақтың «кебісім тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?» деген сөзі еріксіз еске түседі. Иә, әлде де елімізде шешімін таппаған мәселелер бар, биліктің тарапынан әр деңгейде жіберілген кемшіліктер де бар, олар ашық айтылып та, сыналып та жүр, бірақ Үркер жұлдызынан айырылмаған көшпенді ата-бабаларымыз сияқты біздер де тәуелсіздік жолына келгенде, ұлтымыздың ең жоғарғы мүдделеріне негізделген Елбасының сарабдал саясатына келгенде адаспауымыз қажет.
Тәуелсіздік жылдарының тарих таспасын кері айналдырып қарар болсақ та ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жадымыздағы тарихи сананы жаңғыртуға да бір күнде дайын болмағанымыз белгілі.
Елбасының бастауымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сынды бағдарламалар осынау аз ғана уақыттың ішінде жоғымызды түгендеп, санғасырлық құндылықтарымызды қайта қалпына келтіруімізге септесті емес пе? Соның жалғасы іспетті биыл кең көлемде аталып жатқан әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Ұлық Ұлыс (Алтын Орданың) 750 жылдығы қазақтың ХХІ ғасырдағы жаңа келбетін қалыптастыруға бірден-бір негіз болары сөзсіз.
Өткенді фальсификациялап, болашақты мистификациялап жатқан қазіргі заманда ата-бабадан мирас болған рухани бағдарымызды дұрыс қалыптастырып, өскелең ұрпаққа жасампаз жол сілтеу – біздің замандастардың парызы.
Сондықтан Елбасы осынау жүйелі жұмыстарды келесі ізбасар, сенімді тұлғаға тапсыруда да көрегендік білдірді. Халықаралық ареналарға аты мәлім, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін беделді есім, ел ішіндегі Үкіметті ғаламдық дағдарыс кезінде басқарған, маңызды міндеттерді абыроймен еңсере жүріп ел билігіне ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты таңдауда Нұрсұлтан Әбішұлы тағы да ел үмітін ақтап, аманатқа деген адалдығын айқын көрсетіп берді емес пе! Бұл ізгі қадамды кейбір елдердің мемлекет басқарудағы тәжірибелеріне қосуын ерекше айтуымыз да керек.
Парасаттылықпен, жауапкершілікпен сатылап жеткен саяси қадам өз жемісін беретіні белгілі ғой. Бірлік пен үндестіктің үлкен үлгісі осыдан тура бір жыл бұрын тарих тақтасына алтын әріптермен жазылды. Салиқалы шешім салтанат құрды. Тәуелсіздік күнтізбесінің жаңа беті ауысты.
Міне, бүгінде сол тарихи шешімнің жемісін баршамыз көріп отырмыз. Азаттығымыздың айбары алпауыт елдермен теңесіп, алашымыздың айдарына жел есіп жаңа кезеңге, жаңа заманның жаңа белестерін еңсеруге бағыт алдық. Көреген көшбасшының дана ұйғарымы даңғыл жолға бастады. Елордамыз елдігіміздің ақ бесігіндей Ұлы даланың салқар төсінде жарқырап жайнап келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы қалыптаған іргелі ұлыс Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастырған жаңа мемлекет ретінде беделі арта береді деп сенеміз. Көкте Алла, жерде әруақтар қолдасын деп тілейміз!
Қырымбек Көшербаев,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:02
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қоғам • Бүгін, 16:48
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Жұмысынан айырылған 48 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Елімізде нотариалдық құжаттар QR кодпен берілетін болады
Қоғам • Бүгін, 16:30
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Бүгін, 16:17
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Ауа райы • Бүгін, 15:48
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Бүгін, 15:40
Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылуда
Қоғам • Бүгін, 15:39
Алексей Цой: Коронавируспен ауырғандар саны күн санап азайып келеді
Медицина • Бүгін, 15:37
Коронавируспен күреске 265 млрд теңге бөлінеді
• Бүгін, 15:31
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Бүгін, 15:06
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді
• Бүгін, 15:00
Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламаларын жаңартуды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:55
Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнир басталды
Спорт • Бүгін, 14:35
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Бүгін, 14:20
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Бүгін, 13:57
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Бүгін, 13:36
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:18
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Бүгін, 13:03
PhD дәрежесін қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді
Білім • Бүгін, 12:57
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 12:47
Қарағандыда 9 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер сотталды
• Бүгін, 12:42
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Коронавирус • Бүгін, 12:37
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:35
SpaceX Қазақстанды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін
Технология • Бүгін, 12:28
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Үстел теннисінен биылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт белгілі болды
Теннис • Бүгін, 12:15
Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Елорда • Бүгін, 11:57
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Жамбыл облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Семейде жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша әкімшілік кодекстегі жаңалықтар түсіндірілді
ANTIKOR • Бүгін, 11:35
ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды
Қоғам • Бүгін, 11:31
Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үйден өрт шықты
• Бүгін, 11:29
«Хан моласы» қазба орнында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр
Руханият • Бүгін, 11:07
Алдағы 5 жылда 315 ауыл мектебі салынады – Мамин
Үкімет • Бүгін, 11:05
Биыл ел экономикасының өсу болжамы 3,1%-ға дейін жақсарды
Экономика • Бүгін, 10:56
Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді
• Бүгін, 10:54
Қоғам • Бүгін, 10:45
3,5 мың ауыл 100% сапалы ауыз сумен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Тоқаевтың тапсырмасымен төрт шенеунік қызметінен кетті
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Мамин халықты вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:22
Еліміздің 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:11
20 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
733 980 қазақстандық вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Қостанай облысында балықтар қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:42
Коронавирус. Елімізде 39 мыңдай адам емделуде
Коронавирус • Бүгін, 09:41
Ақсуда балаларын сабаған тұрғын заң алдында жауап беретін болды
Қоғам • Бүгін, 09:20
Алматыда қандай көшелер Үлкен Алматы айналма жолына дейін өтеді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Коронавирус пен пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Таразда жүргізуші куәлігін сатқан алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 2 084 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 08:59
Саясат • Бүгін, 08:52
Технология • Бүгін, 08:43
«Құрметті азамат» атануыма көмектесші...»
Руханият • Бүгін, 08:38
Экономика • Бүгін, 08:32
Теріскейде дала жұмыстары басталды
Экономика • Бүгін, 08:26
Азия чемпионатын табысты бастады
Ауыр атлетика • Бүгін, 08:24
COVID-19: Планетадағы жағдай тұрақсыз
Әлем • Бүгін, 08:16
Ресей Халықаралық ғарыш стансасынан шығады
Әлем • Бүгін, 08:14
Әлем • Бүгін, 08:12
Руханият • Бүгін, 08:01
Атлах-Талас шайқасы (Ұлы жеңіске 1270 жыл толуына орай)
Таным • Бүгін, 07:59
Сауда орталығындағы екпе кабинеті
Аймақтар • Бүгін, 07:56
Ұқсас жаңалықтар