Елбасы • 20 Наурыз, 2020

Ел алдындағы еңбегі өлшеусіз

368 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Тәуелсіздікті алудан оны сақтап, баянды ету әлденеше есе қиын. Азаттық халыққа қаншалықты қуаныш, бақыт сыйласа, оны баянды ету үшін соншалықты тер төгіп, күн-түн демей, небір қиыншылықтарды жеңіп еңбек ету керек болады. Бұрыннан қалыптасқан байырғы мемлекеттердің де проблемалары аз емес. Біздің еліміз осынау есею жылдары ішінде кездескен көптеген сынақтарға лайықты шыдамдылық көрсетіп, жеңе білді.

Ел алдындағы еңбегі өлшеусіз

Одақ ыдырағаннан кейін Қазақ­станға тиген басты мұра ауқы­мы жағынан көз көріп-біл­меген жүйелі дағдарыс болды. Біздің еншімізге күйреген эконо­мика, басқарудың ескілікті жүйе­сі және қол-аяғы құрсаулы мем­лекеттік аппарат тиді. Бұл біз бастан өткерген алғашқы ең ауыр да созылмалы барлық сала­дағы дағдарыс еді. Сол кез­де бізге қиыншылықтарға төтеп беріп қана қоймай, сонымен бірге макро­экономикалық тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар құру үшін негіз қалауға жағдай жасаған бетбұрыстық сипаттағы рефор­маларды жүргізу керек бол­ды. Меніңше, сол рефор­ма­лар­­дың арқасында, қазір біз­де эконо­микалық сана мен жеке­мен­шік ұғымы қалыптасты. Ал енді ғана азаттық алған тәуел­­сіз жас мемлекетті құру, оның күр­меуі қатты күрделі түйін­дерін дұрыс шеше білу елдің бола­шақтағы тағдырын айқын­дайтыны сөзсіз.

Қазақстан тарихының жаңа дәуірі Тәуелсіздік алған күнінен бас­талады. Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Миллиондаған халқы бола тұ­ра, тәуелсіздікті армандаумен өт­кен, бүгінгі күні де тәуелсіздік көзі­нен бұл-бұл ұшып, сол күнді ар­ман қанатына байлап, күрес жолын­да жүргендер қаншама. Тәуел­сіз халықтың бойында қуа­ныш­тан, ғасырлар бойы аңса­ған ар­маны­ның орындалуы­нан туындайтын орасан зор ерік-жігер, құлшыныс, шабыт, жа­сам­паздық пайда болады. Бір сөзбен айтқанда тәуел­сіздік де­гені­міз – дұрыс ба­ғыт-бағ­дар берілсе, тау қопарар күш. Осыны дұрыс пайдалана біл­­ген Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз Қазақ­­станның Президенті қыз­меті­не таға­йындалғаннан бас­тап Қазақ­станның саяси және эко­номикалық дербестігін ны­ғайтуға бағытталған батыл да белсенді зор қадамдар жасады. Қазақстанның тәуелсіздігін алған алғашқы күннен-ақ мем­ле­кеттің сыртқы саясатын негіздеу басты міндеттің біріне айналды. Ең бірінші еліміздің 14,5 мың шақырым шекарасын шеген­деп, Қытай, Ресей сияқ­ты алып мемлекеттермен, Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан, Түрік­менстан тәрізді бауырлас елдермен тату көршілік қатынас жолға қойылды. Уақыт талабына сай жүргізілген сындарлы саясаттың нәтижесінде қысқа мер­зім ішінде мемлекетіміз әлем­дік қоғамдастыққа берік еніп, өзін бейбітсүйгіш, тәуелсіз, құ­қық­тық мемлекет ретінде таныта білді. Республика жер ша­рын­дағы қазіргі күнгі барша беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Со­ның ішінде атап айтқанда, Қазақ­станның БҰҰ-дағы өзіндік орны қалыптасты. Мұ­ның бә­рін тәптіштеп айтып отыр­ған себе­бім – тәуелсіздікті баян­ды ету кім-кімге де оңай тиген жоқ. Қи­налған кезде тығырықтан шы­­ғар жол іздеу барысында әртүр­лі келіспеу­шіліктер орын алды. Ең бастысы, осындай келіс­пеу­шіліктерді дағдарысқа ұлас­тыр­май, уақытылы шешіп отыру, ел бо­ла­шағына қатысы бар дұ­рыс ше­шім­дер қабылдай білу көре­ген­дікті, әбжілдікті талап ететіні сөз­сіз. Елбасы тәуелсіздіктің ал­ғаш­­қы күн­­дерінде: «Күшіміз – жауап­­кер­­­шілікте, бірлігіміз – әр­алуан­­дық­та, еркіндігіміз – келісім­де, абы­­ро­­йы­мыз – игілікте, қауіп­­сізді­­­гі­міз – ашықтықта, тәуел­сізді­­г­і­міз – серіктестікте» деген пікірі әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.

1991 жылдың 16 желтоқ­са­нын­да қа­былданған «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының Мем­­ле­кет­­тік тәуелсіздігі туралы» Конс­­титуциялық заң Еура­зия құр­лығының жүрек тұсын­дағы ежелден Ұлы дала атан­ған ұлан-ғайыр өлкеде жаңа мем­лекеттің дүниеге келге­нін әйгіледі. Санаулы сағат­тар­дан кейін әлемнің әр тара­пын­­дағы мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңса­ған қаһарман халықтың тәуел­сіз­дігін таныған қуанышты хабар­лар әлемдік ақпарат құрал­дары арқылы дүниенің төрт бұры­шына түгел тарап жатты. Біз тәуелсіз еліміздің бү­гінгі биігінде тұрып, осы күнді ар­ман­­даған бабаларымыздың биік мұ­рат­тары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып заман­дарда азаттық үшін күрескен ата­лары­мыздың әз аманаты ал­дын­да, ел бостандығы жолын­да құр­бан болған есіл ер­лері­міз­дің мәңгі өшпес рухы алдында басы­мызды иіп, тағ­зым етеміз. Респуб­лика халқы­ның бүгінгі таңда қол жеткіз­ген толайым табыстарын сөз ет­кенде, өткен тарихты еске тү­сір­­мей тұра алмайсың. Сол ар­­қылы тәуелсіздіктің қанша­лық­­ты қымбат, баға жетпес ұғым екенін, оның ұдайы жасам­паз­­дық­қа жетелейтінін бүкіл бол­­мы­сың­мен ұғына түсесің. Қазақ­стан тәуелсіздік жылдары экономи­калық, әлеуметтік қуатты рефор­маларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көш­басшы атанды. Біз, бұл биік­терге халқымыздың тату­лы­ғы, ынтымағы мен бірлігі, отан­дас­тарымыздың жанқияр­лық еңбегі арқасында қол жет­кіздік. Бүгін­де халықаралық қо­ғамдастық Қазақ­станды орта­зиялық көшбас­шы, шынайы әріптес, тату көрші, тағылымды дос ретінде таниды. Құдайға шүкір, дала төсінде әлем­ге ашық та, болашағы бекем жаңа мемлекет құрдық. Өз кезегінде, осы мемлекеттің көк туын биік­тете түсу міндеті әрбір Қазақ­стан азаматына тағдыр сый­лаған ұлы бақыт десек те болады. Ал бақ, халқымыз айт­қан­дай, «бағалай білгеннің ба­сында тұрады». Мәселен, Пар­ла­мент және саяси партиялар рөлі­нің күшейтілуі, сот би­лігі тар­мағы тәуелсіздігінің ны­ғаюы, мәслихаттардың кү­шейтілуі, жергілікті өзін-өзі бас­қарудың дамытылуы, құқық қорғау жүйесінде азаматтардың құқығын қорғау тетіктерінің жетілдірілуі осы және басқа да шаралар елімізді айтарлықтай ілгері жылжытты. Бұл біздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздің бірі болып табылады. Біз өркениет әлеміне қарай бет бұрған жаңа келбетті ел құра білдік.

Тәуелсіз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті, Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев туған елінің пайдасына шешілер әрбір ұрымтал тұсты сәтімен пайдалана білді. Соның бірі 40 жыл бойы халқымызға сор болып жабысқан, атом қаруын сынақтан өткізетін Семей полигонын жабу мәселесі еді. Бұл проблема көп жылдар бойы үне­мі қызу пікірталас тудырып, халықтың ашу-ызасын әбден шегіне жеткізген болатын. Н.Ә.Назарбаевтың Президент ретіндегі алғашқы пәрмендерінің бірі 1991 жылдың 29 тамызында Семей маңындағы полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қоюы болды. Астананы арқаға көшіру, ел дамуының 2030, 2050 жылға дейінгі стратегиясы тәрізді алыс болашақты көздеген жобалар Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатының жемісі. Елор­даны Арқаға көшіруді ала­йық. Елорданы мұнда көші­ру­дің астарында, менің ойым­ша, рес­ми деректерде ай­тыл­ған мәлі­меттерден бас­қа, елі­міз­дің тәуелсіздігін баян­ды, мәң­гілік ету идеясы тұр. Сол кезде Солтүстік облыстарда жер­­гі­лік­ті халықтың саны 15-20 па­йыз­­дың ол жақ, бұл жағы болатын. Қазақтың осы бір құйқалы өл­к­есіне іштен де, сырттан да көз аларту­шылардың аз болмағанын несі­не жасырамыз? Міне, осындай алмағайып кезде Тұңғыш Пре­зидент қабылдаған шұғыл шешім бүгінде өз нәтижесін беріп отыр.

Бүгінде Сарыарқа төсіндегі алып құрылыс алаңына айналған сұлу да әсем елорданың келбе­тіне қарап, сүйсінетіндер де, таңыр­қап бас шайқайтындар да же­терлік. Сүйсінетін себебі, ай­нал­дырған 20 шақты жылдың бе­де­рінде қала адам танымастай­ өз­геріп, ондағы бұрынғы жұпы­ны тіршілік көз алдымда құлпырған ғажап көрініске ұласты.

Ал Желтоқсан оқиғасына бай­­­ла­нысты қазақ халқына жо­ғары­дан, яғни Мәскеуден та­ғыл­ған «ұлтшыл» деген қара кү­й­ені Елбасы қателікпен қа­был­­­данған шешім ретінде Мәс­­кеу­дің өз қолымен алдыртып тастады. Кеңес өкіметінің ке­неуі кете қоймаған 1989 жылы қа­был­данған «Тілдер тура­лы» Заңда қазақ тілінің мем­ле­кеттік тіл деп жария­лануы кезінде туындаған айтыс-тар­тыс­та Тұңғыш Президент өз жерін­де азшы­лыққа ұшырап отыр­ған қазақ­тардың туған тілін мем­ле­кеттік тіл деп жариялауға әбден құқылы екенін дәлелдеп, депу­таттардың қазақ тілін мем­лекет­тік тіл дәрежесіне көтерген заң­ды қабылдау керектігіне көз­дерін жеткізді. Жалпы, еліміздің тәуелсіздікке бағыт алған жылдарынан бастап, күні бүгінге дейінгі шежіресін түзер болсақ, онда Елбасы мен Тәуелсіздіктің егіз ұғым екені анық байқалады.

 

Қуаныш АЙТАХАНОВ,

қоғам және мемлекет қайраткері