Қазақстан • 26 Наурыз, 2020

Заңсыз сатылған 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді - Д. Абаев

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

Заңсыз сатылған 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді - Д. Абаев

«Қазір барлық өңірде Прокуратура, Полиция және Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеуде. Олар барлық жерлерде медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз жоғары бағада сату бойынша деректерді анықтауда», деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, маска және антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Төтенше жағдай басталғаннан бері қылмыстық кодекстің 214 бабы бойынша 15 тергеу амалдары басталды. Мұндай деректер нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында анықталған. Елордада және Ақтөбе облысында маска және антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр», деді министр.

Соңғы жаңалықтар