Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Қазалыда той жасаған тұрғын қамауға алынды

786 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалыда аудан тұрғындарына елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде адам көп жиналатын жерлерге бармау, той-жиындар өткізбеу жөнінде түсіндірме жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Бұл бағытта мобильдік топ мүшелері тұрғындарға жаңа талап жайлы айтып, тәртіпті бұзғандарды да анықтауда.

Қазалыда той жасаған тұрғын қамауға алынды

Мысалы, 25 наурызда ауласына той жасаған Әйтеке би кентінің тұрғыны аудандық сот шешімімен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды. Оған қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабы бойынша іс қозғалып, 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, 23 наурыз күні «Наурыз» мейрамханасында қыз ұзату тойын жасаған тұрғынға да әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды.