Саясат • 07 Сәуір, 2020

Алғашқы виртуалды сот отырысы

199 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еліміздің саяси және экономикалық мүддесі қай жағынан болсын қорғалуы тиіс. Әсіресе Қазақстанның халықаралық қоғамдастық аясындағы талап-тілектері, кейбір жекелеген істер бойынша мүддесі басты назарға алынып, оның ел мүддесі үшін оңтайлы шешілгені маңызды.

Алғашқы виртуалды сот отырысы

Тәуелсіздік жылдарында Қазақ­стан өзінің негізгі ұстанымын ай­қын­­дай отырып, қай салада бол­­сын құқықтық-заңнамалық талап­тарын күн тәртібіне шығару және оны өз деңгейінде қорғау ісінде мол тәжірибе жинақтады. Мұндай тәжірибелердің бір бөлігі жекелеген қаржылық мәселелерге қа­тыс­ты істер бойынша жүргізілген жұ­мыс­тар арқылы жинақталды...

Жақында Англия Жоғарғы со­тын­да еліміздің қатысуымен сот тыңдаулары өтті. Тарқата ай­­тар болсақ, Англия Жоғарғы со­ты­­ның 900 жылдық тарихында алғаш рет сот тыңдаулары онлайн-трансляция арқылы бейнеконфе­рен­ция жүйесінің көмегімен ұйым­дас­тырылды. Бұдан бұрын онлайнтрансляция қоғам үшін ерекше маңызды істер болғанда ғана қол­да­нылып келген еді. Сонымен қатар тағы бір ерекше айта кетер мәселе, бұл істер сот залында жүргізіліп, процестің тек бейнетрансляциясы қамтамасыз етілген.

Қазақстан қатысып жатқан бұл процесс бұрынғыға қарағанда өзге­ше болды деп айта аламыз. Бүкіл сот тыңдауы виртуалды түрде жүр­гі­зілді, онда әрбір қатысушы –
судья, барристерлер, қонақтар мен куә­герлер үйде немесе кеңседе оты­рып, интернет арқылы процес­­­ке қатысты.

Бұл процесті ұйымдастыру Қазақстанның бастамасы мен талпынысының, сондай-ақ әлемді шарпыған коронавирустың себебінен енгізілген жаһандық карантин тұсында мұндай тәжірибеге заң жүзінде рұқсат берген Англияда қабылданған заң­ның арқасында мүмкін болды. Бізге белгілі болғандай,
судья алдын ала бекітілген кестеге сәйкес тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдау үшін арнайы заңның күшіне енуін күтуге мәжбүр болған көрінеді.

Аталған процесс Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Молдова азаматтары Анатол Стати, Габриэль Стати және олардың Ascom Group S.A., Terra Raf Trans компанияларына және Bank of New York Mellon-ге  (BNYM) қарсы ісі бойынша сот тыңдаулары болатын.

Түсіндіре кетсек, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі бірлесе отырып Стати мен Bank of New York Mellon-ге (BNYM) қарсы BNYM-де сақталған 530 миллион АҚШ долларына уақытша тыйым салудың негіздеріне қатысты талап-арызды Англияның Жоғарғы сотына берген.

Негізгі тыңдаулар судьяның кесте­сіне 2020 жылдың нау­ры­зына енгізілген болатын. Алай­да, COVID-19 ғаламдық пандемиясының қауіп-қатерін алғышарт ретінде қолдана отырып, Стати сот алдында сот тыңдауын кейінге қалдыруға шақырған. Осы мәселе бойынша жауапкер ретінде әрекет ететін Статиге бұл процесті кейінге қалдырып, соза түсу тиімді екенін атап өткен жөн. Сондықтан қазақстандық тарап мерзімдерді кейінге қалдыруға қарсылық біл­ді­ріп, виртуалды сот отырысын бұрын келісілген мерзімде өткізуді талап еткен.

Қазіргі уақытта қолжетімді тех­никалық шешімдер мен мүм­кін­діктер әділет жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек. Бұл орайда бейнетрансляция артықшылықтарын орнымен пайдалану өте маңызды. Ақырында судья қазақстандық тараптың позициясын, яғни еліміздің талап-тілегін қолдап, өзі үшін жаңа форматта тыңдауды өткізуді ұйғарды.

Осылайша, қазақстандық тарап пандемияға байланыс­ты жарияланған карантинге және көптеген процестің тоқтауына қа­рамастан, шетелдік юрисдикция­лар­да, дәлірегі сыртқы құ­қық­тық алаңдарда өз мүд­де­ле­рі мен құқықтарын қор­ғау­ды жал­ғас­тыруда. Қазақстан Рес­пуб­ли­­касы Әділет министрлігінің қыз­мет­керлері консультанттардың жұ­мы­сын қашықтан үйлестіре отырып, осындай қиын кезеңде қызмет етуді тоқтатпай, тиісті жұмыстарды жалғастыруда.