Әдебиет • 17 Сәуір, 2020

Қазақ тілін дамытуға арналған жаңа бағдарламаның міндеттері қандай?

426 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің Onlinedabol жобасы аясында «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курстар жалғасуда. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ тілін дамытуға арналған жаңа бағдарламаның міндеттері қандай?

Курсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ұйымдастырып отыр.

Тілдік курстар өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тіл орталықтарының директорлары, әдіскерлер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттарға арналған. Онлайн курстар 17 сәуірге дейін жалғасады.

Төртінші күнгі курсты Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Тіл саясаты басқармасының басшысы Амангелді Қожабек және Латын графикасына көшуді сүйемелдеу басқармасының басшысы Гүлфариза Мұқанова өткізді.

Онлайн курста спикерлер Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері, оларды іске асыру тетіктері; негізгі нысаналы индикаторлар мен олардың түсіндірмелері, индикаторлардың нәтижелі көрсеткіштерінің талдамасы; орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бағдарлама міндеттерін орындаудағы үлестері; латын графикасына көшу үдерісі, өңірлерде атқарылатын шаралар мазмұны; алдыңғы мемлекеттік бағдарламамен сабақтастығы, қазақ тілін жетілдіру бойынша жаңа ұстанымдар, жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдану жолдары; қазақ тілін оқыту үдерісіндегі негізгі бағыттар мен жаңа көзқарастар, оқыту орталықтарының әлеуетін арттыру жолдары; қазақ терминдерін қалыптастыру мен ономастикалық атауларды жетілдіру бағыттары және Мемлекеттік бағдарламадағы өзге де мәселелер туралы тыңдаушылармен ой бөлісті.

Айта кетейік, курс барысында тыңдаушылар жаңа мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыруда туындаған өзекті сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысты. Өңірлік тіл оқыту орталықтарының инфрақұрылымын, әлеуетін арттыру бойынша кеңес берілді. 

Facebook әлеуметтік желісіндегі ONLINEda bol парақшасында тікелей эфирде жүргізілген онлайн курсқа 129 тыңдаушы қатысты.