Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Онлайнда шыңдалған журналистік шеберлік

663 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетіне 10 жыл толады. 2010 жылы шымылдығын ашқан бұл факультеттің оқу үрдісінде журналистика және саясаттану ғылымдарының бай дәстүрі өте жақсы сақталған. Онымен қоса мықты профессорлық құрам қалыптасып, заман талабына сай озық технология, теле-радиостудиялар мен соңғы үлгідегі оқу-әдістемелік кешендер кеңінен пайдаланылып келеді. Тіпті, қазіргі төтенше жағдай кезінде де өз студенттерінің кедергісіз білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Онлайнда шыңдалған журналистік шеберлік

Иә, Еуразия университетіндегі журналистика және саясаттану факультетінің 10 жылдығын атап өту коронавирустық пандемиядан туындаған ел ішіндегі төтенше жағдаймен тұспа-тұс келді. Барлық мерекелік шараларға тыйым салынып, кездесулер мен түрлі жиындар онлайн форматқа ауысты. Бірақ пандемия деп шектеліп қалмай факультет ұжымы осы мерейлі датаға орай студенттер үшін қашықтан болса да өте пайдалы іс-шара ұйымдастырды. Дәлірек айтсақ, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлының бастауымен және профессор Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы мен басқа да оқытушылардың ұйымдастыруымен болашақ журналистер онлайн режимде нағыз практик мамандардың дәрісін тыңдады. Алайда бұл тек факультет тарапынан қолға алынған бастама емес. Себебі мұндай игі істің жүзеге асуына еліміздегі белді арналардың басын қосқан «Хабар» агенттігінің де үлесі бар. Олай дейтініміз, біріншіден, аталған ұжым да болашақ журналистерді тәрбиелеу жұмысына қатысуды парыз деп санаса, екіншіден, «Хабар» агенттігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осындай себептерге байланысты ұлттық университетіміздің журналистика және саясаттану факультеті мен еліміздегі көптің көңілінен шығып жүрген танымал телеагенттіктің өкілдері бірлесе отырып, студенттер мен магистранттардың шеберлігін онлайн режимде шыңдауды жөн көрді. ыы

Қашықтан өткен жиында факультетіміздің 700 студенті мен білікті оқытушылар және тәжірибелі журналистер бас қосты.  10 күнде 10 маман түрлі тақырыпта дәріс оқыды. Олар: «El arna» телеарнасының директоры, танымал тележурналист және тележүргізуші – Сейтмамыт Арман Балтабайұлы, «Хабар» арнасының бас режиссері – Ходжиметов Зохиджон, «Хабар» арнасындағы спорттық трансляция және бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, танымал спорт комментаторы – Асхат Жақаев,  «Хабар» арнасындағы спорттық трансляция және бағдарламалар бөлімінің продюсері, танымал спорт комментаторы – Ермұхамед Мәуленов, «Хабар» арнасындағы журналистік зерттеу бөлімінің жетекшісі, танымал тележурналист – Адилова Айгүл, «Хабар» арнасындағы жаңалықтар бөлімінің шығарушы редакторы – Қуандық Оңалтай, «Хабар» арнасындағы спорттық трансляция және бағдарламалар бөлімінің редакторы – Қабылша Айбек,  «Kazakh TV» телеарнасының директоры, танымал тележурналист, продюсер – Майя Бекбаева секілді Қазақстан тележурналистикасының алдыңғы қатарлы мамандары болды. Барлығы өз қызметтерінің қыр-сыры және жұмыс барысымен барынша толық таныстыруға тырысты.

Онлайн шеберлік сыныбының алғашқы дәрісінде журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы да алғы сөз ретінде студенттер мен қатысушы спикерлерге лебіз, тілектерін білдірді. Өз сөзінде университет қабырғасында мықты мамандарды даярлаудың маңызы мен теориялық және практикалық сабақтарды ұштастырудың пайдалылығын атап өтті. Сол арқылы осы бастаманың шәкірттер үшін көмегі зор болатынына сенім білдірді.бьб

Қашықтан өткен шара шымылдығын «Хабар агенттігі төрағасының орынбасары Кертаев Ринат Думанұлы мен «Ел арна» телеарнасының директоры Арман Балтабайұлы ашып берді. Ринат Думанұлы өз сөзінде: «Қазіргі студенттер – болашақ мамандар, біздің әріптестеріміз. Олардың сапалы болуы өте маңызды. Себебі кейін осы шәкірттер біздің қол астымызда жұмыс істеп, біздің арнаның беделін көтеруде өз үлесін қосуы әбден мүмкін. Сондықтан олардың шыңдалуына біз де өз пайдамызды тигізуді борыш санаймыз» - деп атап өтті.ммм

Одан бөлек, студентер қойған әрбір сауалға тұшымды жауап қайтаруға тырысты. Ал «Ел арна» телеарнасының басшысы болашақ журналистің бойында қандай қасиеттер болу керектігін айтып, кемшіліктерге бой алдырмаудың жолдары және сапалы материал жазудың сырымен бөлісті. Мұндай кеңестерді практик мамандардың аузынан есту студенттерді журналистиканың асханасына бір табан жақындатқандай болды.

4245

Сөйтіп болашақ журналистерге шеберлік сағатын сыйлаған онлайн декада өз мәресіне жетті. Ертең олар да қызмет барысындағы алғашқы тапсырмаларын орындағанда осы ақыл-кеңестерді ескере отырып, әрекет ететіндері анық.