ПТР-талдау COVID-19 диагнозын растаған науқастардың екеуі Қарағанды қаласынан. Оның біреуі 1988 жылы туған ер адам да, екіншісі 15 жастағы қыз бала. Сондай-ақ, ауырғандардың ішінде Бұқар жырау ауданының 1963 жылы туған тұрғыны мен Абай ауданында тұратын 45 жастағы әйел бар.
13 мамырдағы жағдай бойынша, Қарағанды облысында COVID-19 пандемиясын жұқтырудың 204 оқиғасы анықталған. Оның ішінде үш пациент көз жұмды және 115 адам індеттен сауығып кетті.
Қарағанды облысы