Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 14 мамырда 14 адам жазылды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 14 мамырда Қарағанды облысында 14 пациент дәрігерлердің көмегінің арқасында COVID-19 індетін жеңіп шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: 14 мамырда 14 адам жазылды

Ауруханадан жазылып шыққандардың 12-сі Теміртау қаласының тұрғындары. Олардың ішіндегі 1967, 1977, 1981, 1985, 1987, 1988, 1985, 1995, 1996 жылдары туған ер адамдар мен 48 жастағы әйелге дәрігерлер бұрын орташа дәрежедегі КВИ диагноз қойған. Сондай-ақ, 16 жастағы қыз бала мен үш жасар сәби де дәл осындай диагнозбен жатқызылған болатын.

Індетті жеңгендер қатарында 1953 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған  қыз да бар. Қарағандының бұл тұрғындарының да бойында орташа дәрежелі дерт белгісі болған.

Толық емдеу курсынан өткен соң және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, науқастар екі аптаға созылатын үй карантиніне шығарылды.

Бүгінге түскен мәліметке сай, Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» жазылғандардың жалпы саны 129 адамға жетті. 

 

 

 

Қарағанды облысы