Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Коронавирустан жазылған бұрынғы вице-министр журналистерге сұхбат берді

305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Оқырман есінде болса, сәуір айының жиырмаларында желдей ескен бейресми ақпараттар шындыққа айналып, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы ауысып, орнына оған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі сынды лауазымды қызмет атқарған Камалжан Надыров Алматы қаласына Бас дәрігер болып келген-ді. Алайда, Камалжан Надыров жаңа қызметіне кіріспей жатып, коронавирус жұқтырғаны анықталды. Сонымен, дертінен сауыққан Алматы қаласы Қоғамдық  денсаулық басқармасының жаңа басшысы дүйсенбі күні журналистермен алғашқы онлайн-брифингін өткізіп, БАҚ сауалдарына жауап берді.

Коронавирустан жазылған бұрынғы вице-министр журналистерге сұхбат берді

– Менің Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы ретінде алғашқы брифингіме қош келдіңіздер. Осындай конференциялар жүйелі түрде өтетіндігіне сенемін. Алматы мен үшін туған жерім, білім алып, алғашқы кәсіби қадамдарымды жасаған қала, сондықтан осында жұмыс істеу мен үшін өте жағымды және жауапты деп санаймын, – деп бастады сөзін мегаполистің Бас дәрігері.

Камалжан Надыров алдымен Алматыда коронавирустық инфекциямен күрес аясында жүргізілген жұмыстарды ретімен, тізбектеп шықты:

  1. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды үйлестіру үшін жағдайға мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыратын Коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі өңірлік штаб құрылды.
  2. Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекция жағдайларының әкелінуі мен таралуының алдын алуда профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.
  3. Коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша барлық мүдделі қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді.

Дүйсенбі күні Өздеріңіз білетіндей, біздің елде пандемия туралы жарияланғанға дейін COVID-19 вирусының әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін тиімді шаралар қабылданды.

Медицина қызметкерлері Алматы қаласы бойынша эпидемиологтармен және санитарлық мамандармен бірлесе отырып, шамамен 2 мың рейс қабылдап, екі жүз мыңнан астам жолаушымен жұмыс жүргізді. Менің әріптестерім шетелден келген отандастарымызды тәулік бойы қабылдап, карантиндік стационарларға, қонақ үйлерге орналастырып, тестілеу жүргізді, – деді К. Надыров.

– Бүгінгі күні қаладағы КВИ жағдайы тұрақталды, соңғы айда ауруға шалдығудың орташа өсімі шамамен 2,3%-ға, соңғы аптада өсім 1,1 пайызды құрады. Қазіргі уақытта Алматыда тіркелген КВИ жағдайларының саны – 2882, оның ішінде 1875 адам сауығып, емдеуден шығарылды, бұл тіркелгендердің жалпы санының 65%-ын құрайды, тек өткен аптада 323 адам емделіп шықты. Өкінішке орай, өлім-жітім жағдайлары да орын алып – 10 адам КВИ-ден қайтыс болды, осылайша қазіргі уақытта 975 пациент емін жалғастыруда. Медициналық ұйымдар штаттық режимде бекітілген емдеуге жатқызу алгоритміне сәйкес жұмыс істеуде.

Қазір Қоғамдық денсаулық басқармасының негізгі күш-жігері медицина қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және медициналық көмек алу кезінде пациенттердің қауіпсіз болуына бағытталған. Медицина қызметкерлері барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, аурудың мүмкін болатын жаңа толқынына – күзгі кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде, деді Қоғамдық  денсаулық басқармасының басшысы.

 

 

 

АЛМАТЫ