Білім • 16 Маусым, 2020

ҰБТ-2020: Грант тілге емес, білім беру бағдарламасына бөлінеді

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуника­циялар қызметінің алаңында өткен брифингте белгілі болды. ҰБТ-ға дайындық барысы баяндалған баспасөз жиынында бұдан бөлек санитарлық талаптардың қалай сақталатыны, негізгі өзгерістер мен талапкерлерге жасалған жаңа мүмкіндіктер жөнінде айтылды.

ҰБТ-2020: Грант тілге емес, білім беру бағдарламасына бөлінеді

Ұлттық тестілеу орталығы­ның директоры Дидар Сма­ғұ­лов ең алдымен пандемия жағдайында ҰБТ-ны өткі­­­з­у­дің басты ерекшеліктері мен қолға алынған дайындық жұмыс­тарының барысына тоқталды. Орталық басшысының айтуын­ша, талапкер тестілеуге кіру алдында дезинфекциялаудың 5 кезеңінен (тоннель, аяқ киімін тазартатын кілемше, қолын ан­тисептикпен сүрту, дене қы­зуын өлшеу) өтеді. Осыдан соң тест тапсырушы өзінің бет әл­петін арнайы бағдарлама ар­қылы сәйкестендіріп, өзі та­ғып келген медициналық мас­касын кіреберісте берілетін жаңасымен алмастырады. Әрі қарай жылдағыдай тексеріспен (ҰБТ-ға рұқсат етілмейтін зат­­тардың бар-жоғын бақы­лау) тестілеуге кіріп, ауди­то­риядағы арақашықтығы сақ­талған орынға отырады. Ал тестілеу өткізілетін аудитория уақтылы желдетіліп, тес­тіленушілердің әр легінен соң та­зартылуы тиіс.

Биылғы ҰБТ-ның негізгі өзгерістеріне келсек, енді мем­лекеттік грант тілге емес, бі­лім беру бағдарламасына бөлінеді. Бұл шындығында қоғамда ең көп талқыланған және Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссия жыл сайын көтеретін, бірақ осыған дейін шешімі табылмай келген мәселе болатын. Себебі орыс тілінде тест тапсырушылар небәрі 50 балмен грантқа түссе, дәл сол мамандыққа қазақ тілінде тапсырған талапкерлер 70 балмен грантқа ие бола алмай жататын еді. Осыдан соң грант бөлінісінде даулы пікірталастар орын алып отырды. Міне,  биыл ата-аналар мен талапкерлер тарапынан айтылған сын өз нәтижесін берген сыңайлы.

2020 жылғы тестілеуде та­лапкерлерге жасалған мүм­кіндіктер аясы кеңейді. Ай­талық, Ұлттық тестілеу орта­лығының сайтында әр пән бойын­ша дайындық тестілерінің бір-бірін қайталамайтын 70 нұсқасы тегін орналастырылды. Сондай-ақ биылғы мектеп түлектерінің қашықтан оқытуға байланысты мемлекеттік бі­тіру емтихандарынан боса­тылғаны ҰБТ-ға көбірек көңіл бөлуге жағдай жасады. Әрі та­лапкерлерге биыл алғаш рет ҰБТ өткізу пунктінде бе­рі­летін қарапайым калькуля­торды қолдануға рұқсат бе­ріл­ді. Тестілеу уақытының был­тырғыдан тағы 10 минутқа ұзар­тылуы тестілеу жұмысын тия­нақтауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.