Қоғам • 24 Маусым, 2020

Кәсіподақтар көмекке келді

148 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан және Өзбекстан Кәсіподақтар федерациялары тарапынан мамыр айының басында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Кәсіподақтар көмекке келді

Осы мақсатта өңірге арнайы келген Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев, Түр­кіс­тан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және федерацияның ұйым басшылары «Өргебас» және Фирдоуси ауылдарына барып, су апа­ты зардаптарын жою ісіндегі атқа­рыл­ған жұмыстардың барысымен, «Достық», «Жеңіс», «Жаңа тұрмыс» елді мекендерінде салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен таныс­ты. Мырзакент кентінде жергілікті тұрғындармен және су апатынан зардап шеккен елді мекендердегі жалпы орта мектептердің басшыларымен кездесті.

Тұрғындармен кездесуде Саты­бал­ды Дәулеталин Мақтаарал ауда­нының тұрғындары берекені көктен емес, қажырлы еңбектен тілеген тынымсыз еңбекқор жандар екенін атап өтті. «Мұқтаж жанмен өз жылуын бөлісу дәстүрі қазақ халқының қа­нын­да бар. Сондықтан да, біз осындамыз. Кәсіподақтар елмен бірге, тағдыр тоң­дыр­ған мақтааралдықтарға жылу­мен келдік. Осындай қажетті іс-шараларды жедел түрде қарастырып, жүзеге асырған Президент пен Үкіметке өз ризашылығымды білдіргім келе­ді. Өз кезегінде, әріптесіміз – Өз­бек­стан Кәсіподақтар федерация­сымен ортақ келісім бойынша Мақ­таарал ауданы елді мекендері тұр­ғын­да­рын қолдау мақсатында бірлесіп, 66 млн теңгенің көмегін көрсету ту­ралы шешім қабылдадық. Біз төрт орта білім беретін мектепке ин­те­рак­тив­ті компьютерлік сы­нып­тардың толық жабдығын тап­сы­рамыз», деді С.Дәулеталин. Сондай-ақ ол Аманжолов, Мүсірепов, Фирдоуси атын­дағы орта білім беретін және «Нұрлы жол» елді мекеніндегі мектеп­тер­­дің директорларына 25 ноутбук, 25 парта мен 50 орындық, 2 принтер, бір-бірден мультимедиалық тақта табыс етті. Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің 100 тұрғынына феде­рацияға қарасты «Көктем», «Меркі», «Манкент», «Жаңақорған», «Щучинск» шипажайларына жолдама берілді. Тегін жолдамалар зейнеткерлерге, мұға­лім­дерге, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға табыс еті­леді.

Апаттан зардап шеккен ауданның мұғалімдеріне Республикалық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы тарапынан да елеулі қолдау көрсетіліп, 365 білім саласы кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек ретінде 35 мың теңгеден берілді. Жалпы, Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары 50 млн теңгенің көмегін көрсетті. Өз кезегінде Өз­бек­стан­нан «Достық керуенін» бас­тап келген, Жизақ облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Өзбекстан Сена­ты­ның депутаты Нусуратулла Пар­даев бауырластық әрі көршілік қарым-қатынас қазақ және өзбек халқының қатынастарының негізі болатынын атап өтті. «Бүгін таңертең Қазақстан – Өзбекстан шекарасынан біздің «Дос­тық керуені» өтті. Біз де Қазақстан Кә­сіп­одақтар федерациясы сияқты бауыр­­­­лас халықтың басына түскен осы қиындықта бейтарап қала алмадық және қазақстандық әріптестеріміздің зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету акция­сына қосылдық», деді өзбекстандық делегацияның басшысы. Өзбекстан кәсіподақтары жалпы сомасы 16 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек алып келген. Оның ішінде алғашқы қажеттілік та­уар­лары, құрылыс материалдары, төсек-орын жабдықтары мен азық-түлік бар.

Ауданға бармас бұрын Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының тө­ра­ға­сы Сатыбалды Дәулеталин Түркістан облысының әкімі Өмір­зақ Шөкеевпен кездескен болатын. Кездесу барысында облыс әкімі Кәсіподақтар федерациясына қиын да күрделі жағдайға тап болған адамдарға қамқорлық танытып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ тараптар өткен жылы қазанда қол қойылған Меморандум аясында әлеуметтік әріптестердің өзара байланысының алдағы жоспарларын талқылады. ҚРКФ төрағасының ақпараты бойынша, өкінішке қарай, рес­публика бо­йынша өндірістік жарақат фактілерінің өсімі байқалуда. Мысалы, жылдың басынан бергі бес ай ішінде еліміздің кәсіпорындарындағы жұмыс орындарында алынған жарақаттар салдарынан 552 адам зардап шексе, 65 адам қаза болған. С.Дәулеталиннің дерегінше, соның ішінде Түркістан облысында өндірісте 29 жазатайым жағдай орын алған, 34 адам зардап шегіп, 5 адам қаза болды. Көп жағдайда бұл жазата­­йым оқиғалар өндірістік кеңестер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жоқ кәсіпорындарда орын алған.

Өз кезегінде облыс әкімі көр­се­тіл­ген мәселелердің өзектілігін атап өтті. Тараптар жуық арада әлеуметтік әріп­тес­тік және әлеуметтік-еңбек қаты­нас­­тарын реттеу жөніндегі үш­жақ­ты комис­сия қарауына еңбек сала­сына қа­тысты барлық өзекті мәсе­ле­лер­ді шығаруға келісті.

 

Түркістан облысы